- Негізгі бет
- Денсаулық
- Денсаулыққа пайдалы шайлар...
Денсаулыққа пайдалы шайлар
1. Киікоты мен жаужапырақтан демделетін шай (ішекті тазалауға пайдалы)
Кептірілген киікоты мен жаужапырақтың жапырақтарын араластырып, үстіне лимон қабығының үгіндісін қосыңыз. Содан соң қоспаға қайнаған су құйып, 5 минуттай газға қойып, шайды сүзгіштен өткізіп ішсеңіз болады.
2. Жолжелкен мен эстрагоннан демделетін шай (ішек-қарын жолын тазалауға арналған)
Бұл шайды дайындау үшін сізге 15-20 грамм жолжелкеннің жапырағы және 10 грамм эстрагонның өркені қажет. Алдымен шөпті мұқият тазалап, ұнтақтап, көлеңкеде кептіріңіз. Кейін қайнаған су құйып, бетін сүлгімен жабыңыз. 15-20 минуттан соң шайыңыз дайын болады.
3. Шетен шайы (бүйректі тазалау үшін)
1 ас қасық шетен ағашының жемісін бір стақан қайнаған сумен араластырып, күніне 3 рет жарты стақаннан ішіп тұрыңыз.
4. Қарақаттан демделетін шай (бүйректі тазалауға пайдалы)
Итмұрын мен қарақатты бірдей көлемде алып, араластыру керек. Сөйтіп, қоспаға 2 стақан қайнаған су құйып, 1 сағат күтіңіз. Күніне жарты стақаннан 4 мезгіл ішіңіз.
5. 4 компоненттен тұратын шай
Ингредиенттер: 10 грамм жалбыз, 10 грамм аскөк, 20 грамм қалақай жапырағы және 20 грамм дәрілік бақбақ. Ингредиенттердің барлығын ұнтақтап, қайнатып, 5 минуттай сүлгінің астында ұстаңыз. Содан соң сүзгіштен өткізіп, іше беріңіз. Бұл шайды лимонмен немесе бір қасық балмен ішуге кеңес береміз.
Ж. Исакаев