Ананастың адам денсаулығына пайдасы

Ананастың адам денсаулығына пайдасы
Фото: travelasia.com.ua

Ананас - әлемдегі ең пайдалы жемістердің бірі. Оның шырынының адам денсаулығына пайдасы мол. Бүгін біз сіздерге бұл тропикалық жемістің пайдасы туралы айтып береміз.

1. Иммунитетіңізді көтереді

Ананас шырынының құрамында дәрумендер мен органикалық қышқылдар көп. Олар ағзаның әлсіреуінен және түрлі  аурулардан құтқарады. 

2. Көздің көруін жақсартады

Құрамында бета-каротин мен А дәрумені бар тағамдардың көзге пайдасы көп екені бәріңізге мәлім. Тіпті қартайғанда да көру қабілетіңіз бұзылмайды. 

3. Қызыл иек пен тісіңізді қатайтады

Сонымен қатар ананаста қызыл иегіңіз бен тісіңізді қатайтатын С дәрумені бар. Ол пародонтоз ауруынан аман сақтайды.

4. Буын ауруларына көмектеседі

Егер буындарыңыз ауырып жүрсе, ас мәзіріңізге ананасты қосыңыз. Өйткені оның құрамында бромелайн ферменті бар. 

5. Жүрегіңізге де пайдалы

Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу үшін анда-санда болса да, ананас жеп тұрыңыз.

6. Қан қысымын төмендетеді 

Бұл жемісте калий бар. Ол гипертонияға қарсы күреседі.  

7. Сүйектеріңізді қатайтады

Ананас сіздің сүйектеріңізді қатайтады. Себебі онда марганец пен кальций көптеп кездеседі. Бір стақан шырынының өзінде 73% марганец бар. Ол күнделікті мөлшерге жеткілікті. 

8. Ас қорыту жүйесін жақсартады

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі бірқалыпты жұмыс істеу үшін ананас шырынын ішіңіз. 

Ж. Исакаев