Бір шыны кофе сізді бақытты етеді

Бір шыны кофе сізді бақытты етеді

Кофе ішудің түрлі себебі бар. Біреулерге ол күш-қуат беретін сусын болса, енді біреулерге дәмі ұнап жатады. Жақында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кофенің адамдарды тым бақытты ететіні анықталды. Сондықтан оны ұнатуыңыз бекер емес екен.  

Гарвард мектебінде жүргізілген тәжірибе барысында кофе ішетін адамдардың көңілі көтеріңкі жүретіні дәлелденді. Оған қоса ол жеңіл антидепрессант секілді, түрлі бас ауруының алдын алып, серотонин, дофомин, норадреналин қосады. Сонымен қатар депрессияның төмен мөлшерін көрсетеді. Ғалымдар күніне бір стақан кофе ішкен адамның өмір сүруге құлшынысы артып, артық ойларды басынан алып тастайтынын айтады. Егер өмірдің дәмін жоғалтсаңыз, бір шыны кофе сізді бақытты етуге көмектеседі. 

Алайда кофені мөлшерімен әрі уақытымен ішкен дұрыс. Тіпті үлкен адамдарға көп ішудің қажеті жоқ. Өйткені кері әсерін тигізуі мүмкін. 

Достарыңызды кофе ішуге шақырып, уақытты көңілді етіп өткізіңіз. 

Сурет: svoya.ucoz.ru

Ж. Исакаев