Ғалымдар адамның көңіл-күйін көтеретін жемісті анықтады

Ғалымдар адамның көңіл-күйін көтеретін жемісті анықтады

 Киви жемісі адамның көңіл-күйін көтеріп, күйзелістен арылуына көмектеседі. Ғалымдар 54 адамға 6 апта бойы зерттеу жүргізіп осындай нәтижеге келді, деп жазады bnews.kz сайты.

 Адамның күні-бойы сергек әрі көңілді жүруіне екі дана киви жеген жеткілікті. Күніне екі киви жеген адамның шаршағаны білінбейді және бұл жеміс адам ағзасын қажетті дәрумендермен толықтырады. Бұған дейін ғалымдар кивидің жүрек ауруларының алдын алуға көмегі зор екендігін дәлелдеген. Екі кивиде адам ағзасына қажетті С дәруменінің бір тәулікке жететін мөлшері бар. Сарапшылар осы дәруменнің жетіспеушілігінен адамдардың тез шаршайтындығын айтады.

 Сурет: xeometriadanatureza.educabarrie.org

Н. Айдархан