- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көз саулығының 12...
Көз саулығының 12 қағидасы
Адам көздері арқылы қоршаған орта жайлы ақпараттың 90%-ын алады екен. Ал көз терісі адамның, әсіресе әйелдің жасының бірден-бір көрсеткіші. Сондықтан көз саулығы мен қабақ терісінің күтімі ерекше маңызды болуы керек. Назарларыңызға көз саулығының 12 қағидасы.
1. Бетіңізді жастыққа қаратып ұйықтамаңыз. Бұл көз маңындағы әжімдердің қалыптасуына бір себебін тигізеді. Арқаңызбен, не бір жағыңызбен ұйықтап үйреніңіз. Ұйықтар алдыңда бір қасық бал қосылған стақан су ішсеңіз болады.
2. Тым биік жастық қабақ терісінің ісінуіне әкеліп, көз астындағы күңгірт дақтар пайда болуына алғышарт болады. Жұқа жастық - таптырмас шешім.
3. Азанда оянғанда бірінші не істейсіз? Жұдырықпен көзіңізді сүртесіз бе? Олай істеуші болмаңыз! Бұл да көз қасындағы әжімдердің ерте пайда болуына әкелуі мүмкін. Оданда бетіңізді жуып, мұз кесектермен сүртіп шығыңыз. Артынан қабақ терісіне арналған крем жақсаңыз, көзіңіздің қышығаны қояды.
4. Жазды күні күннен қорғаныс көзілдірігін тастамай киіп жүріңіз. Күн сәулелерінің әсерінен көзіңіз маңындағы тері ерте қартаяды.
5. Күнделікті таңертең және кешке мынандай дауа істеуді әдетке айналдырыңыз. Түймедақ қайнатпасын жылы сумен араластырып, осы суды көзге жақындатып жыпылықтаңыз. Бұл көз саулығын да, терінің созылғыштығын да қамтамасыз етеді.
6. Көз терісіне арналған сапалы косметикалық құралдарды қолданыңыз. Оның қорабында "офтальмологтың бақылауынан өткен" деген белгі тұруы керек.
7. Қабақ терісіне кремді бір саусақпен өте байыпты жағыңыз. Қабақ терісін тартып, созып, зақымдамаңыз. Кремді саусақпен шапалақтау арқылы жаққан жөн.
8. Қазір қыздардың бояуды ең көп жағатын жері - қабақтары. Ал қабақ терісі өте нәзік және құрғақ болғандықтан, бұл жердегі косметиканы ерекше байыппен сүрту керек. Сүрме мен бояуды мақтаға тамызылған көз терісіне арналған сұйықтықпен астыдан жоғарыға қарай бағыттап, жаймен кетіріңіз.
9. Көздің ісіп, қара дақтардың пайда болуы жүрек, бүйрек аурулары салдары болуы мүмкін. Егер сіз осындай қиындыққа тап болсаңыз, рационыңыздағы тұз мөлшерін қысқартып, дәрігермен кеңескеніңіз жөн. Бұл жағдайда түймедағы, жалбыз компресстері жақсы көмектеседі. Шөпті 1,5 стақан қайнатылған суға бетін жауып 15 минутқа бұқтырып қойыңыз. Сүзгіден өткізілген қайнатпаға мақтаны малып, көзіңізге 10 минутқа қойыңыз. Компресстен кейін өзіңізді әжептеуір демалғандай сезінетін боласыз. Көзіңіздің шаршағаны басылып, ісігі кетеді.
10. Көз астындағы ісіктен құтылудың тағы да бір жолы - жеңіл массаж. Екі саусақ көмегімен көздің қасындағы теріні жеңіл басып қойыңыз. Бұл лимфатикалық қан айналымын ретке келтіріп, қабақтың ісігенін басады.
11. Көзге арналған косметика таңдағанда мына ережелерді ұстаныңыз:
- қабаққа арналған бояудың крем тәріздес түрін таңдаңыз;
- сумен кетпейтін сүрмелерді қолданбаңыз;
- бояу кетіретін сұйықтығыңыз көзіңізді ашытпауы керек;
- қабаққа бөлек, арнайы крем алыңыз.
12. Дәстүрге арналған қияр кесектерін көзге 15-20 минутқа қойып қойыңыз. Жиі істелінетін болса, бұл дауа көз терісін қартаюдан сақтап қала алады.
С. А