- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көздің зақымдануынан қалай...
Көздің зақымдануынан қалай қорғану керек?
Фото:
freepik.com
«Тілдің көркі – сөз, жүздің көркі – көз» демекші, көз – адамның айнасы, шамшырағы. Алайда құлап немесе бір жерге ұрып, көз ішіне қылау түсіп, яғни көзді жарақаттап алу барлық адамда болады. Сондықтан, көзді зақымданудан қорғай білу керек. Ал ол үшін...
- Ағаш және темір жұмыстарын жасағанда көзге арнайы көзілдірік кию;
- Жиындарда ашылатын аққайнар ( шампан ) тығынын адамға қаратпастан және оны сүлгімен ұстап тұрып ашу;
- Отшашу кезде арақашықтықты сақтап, қауіпсіз орынға тұру;
- Қызыл тұрған табаға май құйғанда алыстау тұру;
- Кез келген жұмысты істегенде техникалық қауіпсіздікті сақтап, көзді қорғау;
- Химиялық заттарды ашқанда абаймен, шашыратып алмастан ашу;
- Химиялық заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.