Тұмаудан емделуге көмектесетін 10 сусын

Тұмаудан емделуге көмектесетін 10 сусын

Күн суыған сайын тұмау тию қауіпі де жоғарылай түседі. Осындай кезде асқазанымызға зиянды антибиотиктерді емдік қасиеті бар сусындармен алмастыруға болады. Назарларыңызға осы сусындардың 10 түрін ұсынамыз.

Бал мен лимон қосылған ыстық шәй

Тұмау тигізіп алған жағдайда бірден қара немесе көк шәй дайындап, 1 ас қасық бал немесе лимон қосыңыз. Олардың құрамындағы қасиетін сақтап қалу үшін лимон мен балды ыстық суға салмағаныңыз жөн. Шәйдің аздап суығанын күтіңіз.

Таңқурай мен жөке гүлі қосылған шәй

Жөкенің кепкен гүлдерінен тұнба қайнатып, оған таңқурай мен жидектер қосыңыз. Және 30 минутқа тұндырып қойыңыз. Егер таңқурай таба алмасаңыз, оның тосабын пайдаланыңыз.

Итмұрын қосылған шәй

Итмұрын С дәруменінің қайнар көзі болып табылатындығын көпшілік білетін болар. Оның кепкен жемісін майдалап турап (3 ас қасық), үстіне 0,5 литр қайнаған ыстық су қосып, түнге қалдырыңыз.

Келесі күні тәулігіне 4 рет ½ стақаннан ішіңіз. Тамақтан 30 минут бұрын ішкеніңіз жөн.  

Мүкжидек пен итбүлдірген қосылған морс

Мүкжидек пен итбүлдіргеннің бактериямен күресетін қасиеті бар. Морс дайындау үшін мүкжидек немесе итбүлдіргеннің үстіне 3:1 болатындай қант қосыңыз, артынша осы қоспаның 2 ас қасығын 0,5 литр суға салып араластырыңыз.

Минералды су мен сүт

Егер жөтеліп жүрген болсаңыз, сілтілі су (мысалы, боржоми суы) қосылған ыстық сүт дайындаңыз. Бұл қоспа қақырықты түсіруге септігін тигізеді. 

Жалғасы бар...

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай