Француз диетасы туралы

Француз диетасы туралы

Француздардың қалай салмақ тастайтынын білесіз бе? Диетаның бұл түрі бөлек тамақтану ережесімен ерекшеленеді. Бір тамақтанғанда өсімдіктен жасалған, екіншісінде жануар етінен жасалған тағам жеу керек. Диета кезінде тек минералды немесе қайнаған су ішу керек. Бұл диетаның бір артықшылығы – сағаттап пештің жанында тұрудың қажеті жоқ, апта ішінде 3-4 кг салмақ тастауға болады. Іскер аруларға пайдалы. 

Француз диетасының салыстырмалы мәзірі.

1-күн. Таңғы ас: қара кофе; түскі ас: екі жұмыртқа, жапырақ салаты, қызанақ; кешкі ас: майлы емес пісірілген ет бөлігі, жапырақ салаты.    

2-күн. Таңғы ас: қара кофе, қытырлақ нан; түскі ас: пісірілген ет бөлігі; кешкі ас: майлы емес пісірілген шұжық, жапырақ салаты.

3-күн. Таңғы ас: қара кофе, қытырлақ нан; түскі ас: өсімдік майына қуырылған сәбіз, апельсин, қызанақ; кешкі ас: екі жұмыртқа, майлы емес шұжық, жапырақ салаты.

4-күн. Таңғы ас: қара кофе, қытырлақ нан; түскі ас: бір жұмыртқа, сәбіз, ірімшік; кешкі ас: жеміс салаты, айран. 

5-күн. Таңғы ас: лимон шырыны қосылған туралған сәбіз; түскі ас: пісірілген балық, қызанақ; кешкі ас: пісірілген ет бөлігі. 

6-күн. Таңғы ас: қара кофе; түскі ас: пісірілген тауық, жапырақ салаты; кешкі ас: пісірілген ет бөлігі.

7-күн. Таңғы ас: шай; түскі ас: пісірілген ет, жеміс-жидек; кешкі ас: майлы емес шұжық. 

8-күн. Таңғы ас: қара кофе; түскі ас: екі жұмыртқа, жапырақ салаты, қызанақ; кешкі ас: майлы емес пісірілген ет бөлігі, жапырақ салаты.

9-күн. Таңғы ас: қара кофе, қытырлақ нан; түскі ас: пісірілген ет бөлігі; кешкі ас: майлы емес пісірілген шұжық, жапырақ салаты. 

10-күн. Таңғы ас: қара кофе, қытырлақ нан; түскі ас: өсімдік майына қуырылған сәбіз, апельсин немесе мандарин, қызанақ; кешкі ас: екі жұмыртқа, майлы емес шұжық, жапырақ салаты.

11-күн. Таңғы ас: қара кофе, қытырлақ нан; түскі ас: бір жұмыртқа, сәбіз, ірімшік; кешкі ас: жеміс салаты, айран.

12-күн. Таңғы ас: лимон шырыны қосылған туралған сәбіз; түскі ас: пісірілген балық, қызанақ; кешкі ас: пісірілген ет бөлігі. 

13-күн. Таңғы ас: қара кофе; түскі ас: пісірілген тауық, жапырақ салаты; кешкі ас: пісірілген ет бөлігі.

14-күн. Таңғы ас: шай; түскі ас: пісірілген ет, жеміс-жидек; кешкі ас: майлы емес шұжық. 

Қажет болған жағдайда жарты жылдан кейін диетаның курсын қайталауға болады.

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: picdon.ir

Г. Бакытбекова