Фаст фуд күйзеліске шалдықтырады

Фаст фуд күйзеліске шалдықтырады

Америкалық ғалымдар дұрыс тамақтанбау артық салмақтың пайда болуына ғана емес, күйзеліске, сонымен бірге, басқа да ауруларға шалдықтыратынын ескертеді.

Дикин университетінің мамандары тез даярланатын фаст фудтармен тамақтанатындар арасында ұзақ уақыт зерттеу жүргізген. Сараптама нәтижесінде осындай типтегі тамақтарды мезгілсіз қабылдау күйзеліске шалдықтыратыны белгілі болған. Ал күйзелістің қатерлі ісік ауруларын тудыруға себепші болатыны да дәлелденген. Дәрігерлер мұны қанның құрамында цитокин молекулаларының көп болатындығынан дейді.

Қазір Америкада 60 мыңнан астам тұрғын семіздік ауруына шалдыққан, халықтың орташа салмағы 100 келі шамасында. Ал ең қарапайым түскі ас мәзіріне кіретін стандартты қалтадағы қуырылған картоптың құнарлылығы 400 килокалорияны құраса, ең кішкене ыдыстағы «Пепси» газдалған сусынының құнарлылығы 250 килокалория мөлшерінде. 

Дайындаған: Айжан Бекболат

Сурет: mealblog.ru, www.getyourmillion.ru

Y. Smaghul