- Негізгі бет
- Денсаулық
- Мақсаты бар адамдар...
Мақсаты бар адамдар ұзақ өмір сүреді
Канада ғалымдары 14 жылға созылған зерттеу жүргізіп, нәтижесінде алдында айқын мақсаты бар адамдардың ұзақ өмір сүретінін анықтаған.
Бұл әсіресе еш жерде жұмыс істемейтін, бос уақыты көп зейнеткерлерге қатысты. Карлстон университеті мамандарының айтуынша, қартаң жастағы адамдар міндетті түрде қызықты іспен шұғылданулары керек. Бұл істің құрамына волонтерлік, қайырымдылық жасау, түрлі жобаларға атсалысу кіреді. Қысқасы, бір сөзбен айтқанда адамның алдына қойған бір мақсаты болу керек. Мақсатына ұмтылатын адамдар денсаулығын күтеді екен.
Ғалымдардың 14 жылдық зерттеуіне 6 000 адам қатысқан. Экперимент жүргізілмес бұрын өздерінің алға қойған мақсаттары туралы айтқан. Осы 14 жылдың ішінде қатысушылардың 9%-ы қайтыс болған. Қайтыс болғандардың барлығы да мақсатсыз жандар екені анықталған. Мұнымен қатар, оптимистердің баяу қартаятыны дәлелденуде.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Айым Сейтметованың жеке парақшасынан
Қ. Бүйенбай