Денсаулыққа зиянын тигізетін ыдыстар

Денсаулыққа зиянын тигізетін ыдыстар
Фото: Būsto harmonija

Соңғы 10 жылдың ішінде сапасыз ыдыстардың көп шығуына байланысты денсаулыққа зиянын тигізетін ыдыстар мәселесі қиындыққа айналуда.

Меламинді ыдыстар денсаулыққа 100% зиян

Бұл ыдыстардың денсаулыққа өте зиян екеніне қарамастан көптеп өндіріледі. Ұзын құлақтың айтуынша, өндіруші мемлекеттердің өздері қолданбайды, тек шет елге шығарады. Ол бір қарағанда фарфор ыдысқа қатты ұқсайды. Бірақ фарфордан әлдеқайда жеңілдігінің арқасында жылдам ажыратып алуға болады.

Металл ыдыстар

Мұндай ыдыстарды ыстық сорпа немесе шырын қайнатқан кезде металл иондары бөлініп шығады. Металл ыдыстардың ішіне сызат түсіруге, дайын тағамдарды сақтап қоюға кеңес бермейміз. Себебі жоғарыдағы иондар ыдыстағы тамаққа, артынша организмге түсуі мүмкін. Мұнымен қатар никель мен хром ионын бөліп шығару қаупі бар.

Алюминий ыдыстар

Зерттеу нәтижесі бойынша, алюминий ыдыс тұзбен, ас содасымен әрекеттескен кезде химиялық қасиетін өзгертеді. Осыған байланысты алюминий ыдыста щи, орамжапырақ, түрлі кисель, компот, бұқтырылған, қуырылған көкөністер, жұқалтыр қағаздағы тағам пісіруге болмайды.

Ыдысты жасаушы компаниялар бетіне оксидті жабынды қапталатындығын айтады. Алайда алюминий иондары бұл жабындының қаншалықты төзімді екеніне қарамастан тамақтың ішіне түседі.

Алюминий ағзаға көп мөлшерде жиналып, нәтижесінде созылмалы ауруға шалдықтырады.

Тот баспайтын болат

Оны күнделікті тұрмыста пайдаланған жағдайда тамақ арқылы адам ағзасына аллергия шақыратын никель түседі. 

Қ. Бүйенбай