Сымбатты келбетке жетудің сыры – зат алмасуды жеделдетіп, метаболизмді жақсарту. Арықтау үшін және салмақты тұрақты ұстап тұру үшін күнделікті калорияның қажетті мөлшерін шығындау, әрине, қажет. Пішінді сақтап қалу үшін немесе арықтау үшін метаболизмді жақсарту керек, яғни зат алмасуды реттеу қажет. Ағзадағы метаболизмге көптеген гормондар мен ферменттер жауап береді. Олар тағамды «отынға» айналдырады және «отынның» жіті тұтынылуына әсер етеді. Зат алмасу процесі тез жүрген сайын, калориялардың кетуі де тез болады, демек артық салмақтан да тезірек арыласыз.
Көбімізде зат алмасу процесі орташа немесе тіпті төмен деңгейде жүреді. Бұл генетикалық бейімділікке және өмір салтымызға байланысты. Егер жүріс-тұрысы аз өмір салтын ұстанатын болсаңыз, метаболизм де баяулайды. Егер күні бойы белсенді қимылдасаңыз, сәйкесінше калория да тез жұмсалып, зат алмасу қажетті деңгейде жұмыс істейтін болады.
Баяу метаболизмді қалай жеделдетуге болады? Бұл сұрақпен көптеген адамдардың басы қатады. «Жалқау» метаболизмді белсендірілетін көптеген зиянсыз үстеме тағамдар бар.
Көк шай – құрамындағы кофеин мен антиоксиданттардың көмегімен метаболизмді жақсартады.
Чили бұрышы, кайендік бұрыш (және басқа да ащы дәмдеуіштер) – ащы дәмдеуіштер қосылған тағам зат алмасуды жақсартады.
Грейпфрут – зерттеу бойынша тамақтану кезінде күніне жарты грейпфрут жеген адамдардың метаболизмі жеделдеп, 12 аптада 2 килограмм жоғалтып отырған.
B12 дәрумені – бұл маңызды дәрумен зат алмасуды жеделдетеді, әсіресе ет жемейтін адамдарға өте пайдалы.
Даршын – күніне 1 шай қасық даршын метаболизмді біршама жеделдетуге көмектеседі. Таңғы ас кезінде бір шай қасық даршынды сұлы жармасының ботқасына немесе кофеге салып ішсеңіз болады.
Алма сірке суы – бір шай қасық алма сірке суы мен жарты шай қасық балды газдалмаған суға қосып, күнде аш қарынға ішіңіз.
Қалақай – бұл өсімдік метаболизмді жеделдету үшін пайдаланылады және тәбетті басады. Шай немесе өсімдік тамшылары қанды тазарту үшін, бауыр қызметінің жұмысын жақсартып, қандағы майды төмендетуге, қан айналымын жақсартуға атсалысады. Қалақайдың арқасында бауыр көбірек өт айдайды, осылайша майлы тағамның оңай қорытылуына жол береді. Қалақай өт қабында жиналған құм немесе тасты кетіруге көмектеседі.
Балдырлар – эндокринді бездердің дұрыс қызмет атқаруына көмектесетін йодқа бай. Ол әсіресе қалқанша безге пайдалы: оған йод дұрыс жұмыс жасау үшін және гормон бөлінуіне қажет. Бұл гормондар зат алмасуды жеделдетуге және дене температурасын қалыпқа келтіруге әсер етеді. Олар ағзаның өсіп, өркендеуіне, жүрек жұмысын күшейтуге, жүйке жүйесінің денсаулығына, бұлшық еттердің күшіне, артық салмақтан арылуға жауапты.
Адамтамыр (женьшень) – метаболизмін жеделдеткісі келетіндер үшін нағыз сый. Бұған қоса, женьшень қан құрамындағы қант деңгейін төмендетіп, май алмасуды реттейді. Ол адамның күш-қуатын ынталандыратындықтан, ұйқысыздыққа тап болмас үшін түнде ішуге ұсынылмайды.
Саумалдық – зат алмасуды жеделдетеді, антиоксиданттар мен дәрумендерге бай.
Брокколи орамжапырағы – құрамындағы темір зат алмасуды реттейді.
Таза су – ағзаның құрғауы метаболизмді баяулатады. Мұның алдын алу үшін жиі су ішіңіз.
Ақуыз – арық етте, балық, жаңғақ, бұршақ және бүтін дәнді өнімдерде болатын протеиндер зат алмасуды жеделдетеді, өйткені бұлшық ет талшықтары тез жаңарады.
Кофе – сусындағы кофеин зат алмасуды ынталандырады.
Зат алмасуды реттеп, метаболизмді жеделдету үшін, сонымен қатар, мына нұсқауларды да мұқият орындаңыз:
Оянған соң бір сағат ішінде таңғы ас ішіңіз. Құнарлы таңғы ас дәнді дақыл өнімдерінен (нан немесе бүтін дәннен бәліш, сұлы қауызы және т.б.), майы аз ақуыздан (қайнатылған жұмыртқа, жержаңғақ майы, тауықтың немесе күркетауықты жұқартылып кесілген еті), майы алынған сүт өнімі, жеміс пен көкөністерден тұруы керек.
Ашығып азаптанбаңыз. Егер ұзақ уақыт бойы тамақ жемесеңіз, денеңіз «ашығу режиміне» өтеді, және сіз тамақ жеген соң, әлсіреген ағзаңыз алдағы күнге май қорын жинай бастайды.
Күш түсіретін жаттығулар – май ұлпаларына қарағанда бұлшық ет көбірек калория кетіреді. Сондықтан аптасына кем дегенде үш рет күш түсіретін жаттығулар жасау керек.
Кардиобелсенділік – соның арқасында метаболизм жеделдейді. Сіздің мақсатыңыз – күнделікті 20-30 минут жүректі қарқынды әрекет еттіру.
Ыстықтан қашыңыз. Тоңған кезде ағза жылу үшін көбірек калория жұмсайды. Бұл да метаболизмге әсер етеді.
Сурет: xxl.ua, fitnessplus.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина