Дислексиямен ауыратын адамға кітаптағы әріптер секіріп жүргендей көрінеді

Дислексиямен ауыратын адамға кітаптағы әріптер секіріп жүргендей көрінеді

Дислексия дегеніміз – өмірдің хат жазу, кітап оқу, қатесіз жазу, математика, сабақтағы жалпы үлгерім сынды аспектілеріне жауап беретін неврологиялық ауытқу. Әдетте дислексияға шалдыққан баланы жалқау, сабақтағы үлгерімі нашар баламен шатастырады. Бірақ аталған ауруға шалдыққан балалардың IQ көрсеткіші орташа есептен жоғары болғандықтан, оны үлгерімі нашар балалармен шатастыруға болмайды. Қарапайым тілмен айтқанда, дислексия мидағы дислекстердің бұзылып, сөзді анализдейтін орталықтың дұрыс жұмыс істемеуі. Егер бұл ауру туралы толық мәлімет алғыңыз келсе, төмендегі материалымызды оқыңыз.

1. Бұл ауруға шалдыққан адамның тек кітап оқи алмау, хат жаза алмау сынды проблемалары бар адам деп қабылдамаңыз. Өйткені бұл проблемалар құлағы дұрыс естімейтін, көзі дұрыс көрмейтін жандарда да кездесуі мүмкін. Ал дислексия көзбен немесе құлақпен қабылданған суретті адамға түсінікті тілге аудара алмауымен ерекшеленеді.


2. Бұл ауруға шалдыққан адамдардың басты қиындықтары:

  • Ол кейбір әріптерді төңкеріліп тұрғандай көруі мүмкін. Кейде, тіпті, сөзді соңынан басына қарай оқиды;
  • Кітап оқып отырған кезде әріптер секіріп жүргендей көрінеді;
  • Сыртқы формысы бір-біріне ұқсайтын әріптер мен сандарды ажырата алмайды. Мысалы, «ә» мен «е», «з» және «э», «р» және «ь», 10 мен 01;
  • Сөз түсінікті болса да оқи алмайды;
  • Бірер секунд бұрын ғана оқыған сөзін есіне түсіре алмайды;
  • Жоғарыдағы себепке байланысты бір үзіндіні бірнеше рет қайталап оқиды;
  • Әріптердің орын тәртібін ауыстырып оқиды;
  • Немесе әріптердің барлығы бір төбешікке жиналып қалғандай көрінеді;
  • Бір нәрсені оқи алмай қалған кезде жүректері айниды.

3. Оны қалай анықтайды? Аталған аурудың бар-жоғын анықтайтын тестіні 2 сыныпта оқитын бала әлі әріптерді дұрыс оқи алмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұдан өзге генетикалық анализді пайдаланады. Осы анализ барысында DCDC2 гені табылса, осы ауруға шалдыққанын білдіреді.

4. Дислексияны аутизммен немесе ақылсыздыңпен шатастыруға болмайды. Ақылсыздық IQ-дің төмендігімен сипатталады. Ал аутизм Аспергера синдромымен тікелей байланысты.


5. Дислексияның дисфонезия, дисэйдезия және диснемкинезия сынды бірнеше түрі бар:

  • Дисфонезияның екінші бір атауы – есту дислексиясы». Дисфонезиясы бар адам сөзді дұрыс естімей, нәтижесінде әріптік символдарды шатастырады;
  • Ал дисэйдезияға шалдыққан адам фонетиканы дұрыс түсінгенімен, сөздерді дұрыс оқи алмайды. Мұны кейде «жеңіл дислексия» деп те атайды;
  • Ал егер бала «нан» секілді күнде естіп жүрген сөзін дұрыс жаза алмаса, диснемкинезия түріне шалдыққан болады. Бұл - аурудың ең қиын формысы.

Қосымша кеңестер:

1. Дислексияның математикалық теңдеулерді, жеңіл-желпі есептерді шеше алмайтын түрі «дискалькулия» деп аталады. Оның төмендегідей белгілері бар:

  • Математика пәніне деген бейімнің жоқтығы, ақшаны дұрыс санай алмау, дүкеннен қайтарымын дұрыс алмау;
  • «+ = - х» осындай математикалық символдарды бір-бірінен ажыратудағы қиындықтар;
  • Есептің берілгенін дұрыс түсініп, оны қалай шығаратындығын пайымдай алмау;
  • Ориентацияның жоқтығы, картадан мемлекеттің қай жерде орналасқанын анықтай алмау;

Аталған аурудың баласында бар-жоғын ата-аналар әкелік тесттің көмегімен анықтай алады. Ол үшін ДНҚ пайдаланылады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com

Қ. Бүйенбай