- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тіс тасын үй...
Тіс тасын үй жағдайында тазалау
Тістің бетінде тығыз қошқыл қабат – тіс тасы ауыз қуысын дұрыс күтпегендіктен пайда болады. Ол эмальды бүлдіріп, қызыл иекті зақымдап, жалпы адам көркін бұзады. Тіс тасын тіс дәрігеріне жүгініп, тазалатып алуға болады, алайда тығыз қабаттан арылтып, тістің табиғи ақ түсін қайта келтіретін үйде жасалатын әдістер де бар.
Тіс тасын содамен тазалау
Халықтық тәсілдердің ішінде қарапайым ас содасының тіс тасын кетіруде пайдасы мол. Оны үй жағдайында қолдану өте ыңғайлы және оны тіс тасын кетіру үшін ғана емес, эмальды ағарту үшін де пайдалануға болады. Тісті тазалауға арналған қоспаны өзіңіз жасай аласыз: тас пастасына бір шөкім сода сепсеңіз жеткілікті. Мұндай қоспамен тісті аптасына үш рет тазалау керек, кері жағдайда эмальдың жұқаруы мен бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін, әсіресе алдыңғы тістердің.
Тіс пастасын қолданбай-ақ тісті тастан тазартуға болады. Ол үшін бір шөкім соданы сутек тотығымен араластырып, пайда болған быламықты тістің эмалына жағу қажет. 3-5 минуттан кейін жағымсыз дәм мен быламықты кетіру үшін ауыз қуысын мұқият шаю керек.
Ас содасының орнына ұнтақталған ас тұзын да пайдалануға болады. Оның да тазартқыш қасиеті бар, алайда тіс эмалына әсері екі есе.
Соданың әсерін лимон шырыны арқылы күшейтуге болады. Екі компонентті араластырып, алынған қоспаны тіске жағу керек. Бірнеше минуттан кейін пайда болған сілекейді түкіріп тастап, ауыз қуысын шаю қажет.
Тіс тасын кетіру мен ағартудың басқа да әдістері
Басқа да халықтық тәсілдер арқылы тіс тасын кетіріп, тісті ағартуға болады. Тіс тазалауда қара тұрыптың пайдасы мол. Оны үккіштен ұсақтап өткізіп, аз мөлшердегі лимон шырынымен араластыру керек. Дайын быламықты тістің эмалына тіс щеткасы арқылы жағып немесе бірнеше минут шайнап тұру қажет. Нәтижеге қол жеткізгенше процедураны күнделікті қайталау ұсынылады.
Тіске жұмсақ әсер етіп, тіс тасын кетіруге ат салысатын өнімдердің бірі – бал. Ол тісте түзілген артық қабаттарды жібітіп қана қоймай, антибактериалдық тұрғыдан әсер етеді. Бір шай қасық балды бір стақан жылы суда ерітіп, сұйықтықпен ауыз қуысын шаю қажет. Процедураны екі-үш апта бойы күніне 4-реттен жасап тұрған дұрыс.
Тісте түзілетін артық қабатты жұмсартатын ауызды шаюға арналған қоспаны дәрілік шөптерден де дайындауға болады. Бұған сүйелшөп, танап қырықбуыны, емен қабығы, қайың бүршіктерінің әсері мол. Бір қасық аталған шөптің біреуіне қайнаған су құйып, бір сағат бұқтырып қою қажет. Сүзіп алынған тұнбамен тіс тазаламас бұрын ауыз қуысын шаяды.
Сурет: www.dv-dent.kiev.ua
Дайындаған: Анар Мұстафина
Оқи отырыңыз:
Тіс сезімталдығы жоғары болса...
Тісті қорғау – денсаулық кепілі
A. Mustafina