Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ағаштан энергия сұрайық...

Ағаштан энергия сұрайық...

Ағаштан энергия сұрайық...

Атадан мал қалғанша, тал қалсын

Қазақ нақылы

Адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланыста тірлік кешеді. Адам ағаштан өзіне орасан зор энергия ала алады екен. Тек әркім өзінің ағашын таныса болғаны.

Қазақ халқы ағашты айрықша құрмет тұтады. Арысы ғашықтардың ағашқа шүберек байлауынан басталып, берісі "Бәйтерек" ағашын тәуелсіздігіміздің символы етіп алуына дейін осы сөзімізді айқын дәлелдейді. "Бір тал ексең, он тал ек" деген қазақ үшін ағаш егу де ерекше мәні бар іс болған. 

Ағаш қалың өскен жерге табиғи матадан тігілген киім киіп (синтетикалық материалдар энергия өткізбейді деседі) барып, ағаштар ішінен қайың мен қарағайды тауып алыңыз. Немесе өзіңізге ұнаған ағашты таңдаңыз. Жүрегіңізге құлақ түріңіз: Шынымен дәл осы ағашты қалап тұрсыз ба? Діңгегін құшақтап, көзіңізді жұмып тұрып, одан өзіңізге энергия беруін сұраңыз. Алақаныңыз арқылы энергияның бойыңызға таралып жатқанын сезінуге тырысыңыз.

Ойша ағашқа тіл қатыңыз. Ол сізге көмектескісі келіп тұр ма, жоқ па?

Ағаштан энергия алу кем дегенде 2-3 минутқа, көп дегенде 1 сағатқа созылуы мүмкін. 

Дендротерапияда (медицинада ағаш арқылы емделу осылай аталады) ағашпен қалай қарым-қатынасқа түсетініңіз аса маңызды. Күйзеліске түсіп жүрсеңіз, жағымсыз әсерлерден ағаштың көмегімен арылуға болады.

Кетіп бара жатып, ағашқа көмегі үшін рақмет айтуды ұмытпағаныңыз абзал. Ойша ағашпен қоштасыңыз. 


Мүмкіндігіңізше орманда жиі серуендеуге тырысқаныңыз жөн. Орман ішімен ұзақ уақыт серуендеу ағзаға кез келген дәріден де күшті әсер ететіні дәлелденген. Орман болмаса, қалың өскен талдардың арасымен жүріңіз. Саябақтарда ағаштар бітісіп өскен жерлер көп. 

"Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ". Табиғат - тілсіз. Дұрысы, адамда табиғаттың тілін түсінер қасиет жоқ. Ағаштан энергия алып жатып, "Мен одан жылу алып жатырмын, табиғат маған жылу беруде" деп ойлағаныңыз жөн...

Жұлдыз санап, жорамал айтқан астролог ғалымдар әр жұлдыздың өзіне тән ағашы бар деп пайымдайды.

Балықтар үшін - қайың, көктерек,

Тауешкілер үшін - шырша,

Суқұйғыштар  - қарағай,

Мергендерге - қайың,

Сарышаяндарға - қарағай,

Таразылар үшін - қайың,

Бикештерге - алма,

Арыстандарға - емен,

Егіздерге - алмұрт,

Шаяндарға - үйеңкі,

Тоқтылар мен торпақтарға акация ағашы энергия бере алады екен. Ал шетен барлық жұлдыздардың энергия көзі бола алады-мыс.

Сурет: magicwish.ru, mota.ru

18
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 14 мамыр 2012, 16:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.