- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бауырды зақымдайтын нашар...
Бауырды зақымдайтын нашар тұрмыс әдеттері
1. Үнемі көңілсіз жүру, ызаға булығу
Қамығу мен мазасыздану адамды науқасқа оңай шалдықтырады, адам өмірінде торығу, наразы болу және реніштер, теңсіздік сияқты жағдайлардан сақтануға болмайды, алайда торыққан сәттерде мұндай көңіл күйден арылып, теңіз жағасына немесе адам жоқ орталарға барып, іш-құсталығын шығарып айғайлау, жеңіл музыкаларды тыңдап, көңіл күйін реттеу қажет.
2. Беталды дәрі ішу
Беталды дәрі ішу бүйрек пен бауырды зақымдайды, ешкім де өмір бойы дәрі ішпеймін деп айта алмайды, аурудың алдын алудан тартып кіші-кірім тұмауға дәрі ішу, денсаулықты қорғайтын дәрілерді тұтыну, ауруға қарсы дәрі ішу, дәріханалардағы дәрі сатып алатын адамдар шоғыры, бағасы арзан дәрілер жарнамасы, дәрі сатушылар мұның барлығы дәрінің тұрмысымызға кеңінен таралғанын бейнелейді. Мұндай түрліше дәрілерді беталды ішу бауырды зақымдайды.
3. Арақты көп ішу
Бүгінгі таңда арақ ішу қоғамдық байланыс орнатудың негізгі тәсіліне айналды, сауда жөніндегі кеңесу, достар ара бас қосуда арақ кем болса болмайтын, тіпті, ішінәрә адамдар арақ ішуге қарап достық қарым-қатынасты мөлшерлейтін келеңсіздіктер барлыққа келді. Бұл нашар әдет бауырды зақымдап, денсаулығыңыздың ақаусыздығына ауыр дәрежеде ықпал жасайды.
4. Ұйқының жеткіліксіз болуы
Ұйқының жеткіліксіз болуы денені қалжыратумен бірге, денсаулықа да кері әсерін жасайды. Мәселен, түнгі қонағасыларының молаюы, әсіресе, қалаларда таңға жуық бір-екілерге дейін түрлі көңіл ашу орындары думанға бөленіп жатады, ал үйінде отырғандар ғаламторға телміріп, компьютер ойындарын ойнап, демалыс уақытын өткізіп алады.
5. Майлы тағамдарды көп жеу
Май – күнделікті тұрмыста кем болса болмайтын, денеге қажетті витамин заттардың бірі. Лайықты мөлшерде майлы тағамдарды тұтынғанда адам денесін энергиямен қамдап, дененің физиологиялық қызметін сақтайды. Алайда май құрамы жоғары тағамдарды артық мөлшерде тұтыну тән саулығыңызға өз зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан майлы тағамдарды аз тұтынып, отбасында көкөністері мол тағамдарды жасап, бауыр мен асқазанды күтімдеген жөн.
6. Түнгі қонағасының көбеюі
Түнгі қонағасыларының, той-томалақтың, туған күн кештерінің көбеюіне байланысты, түнде тоя тамақтану сынды нашар тұрмыс әдеті қалыптаса бастады. Әсіресе, қалаларда кеңінен жалпыласуда, орта шарт-жағдайы кемелді болмаған, тазалығы нашар жол бойындағы кафелерден кәуәп жеу бүгінгі адамдардың тұрмысының ерекшелігіне айналып барады. Осындай нашар тұрмыс әдеттері мен түнде тамақтану бауырды зақымдайды.
7. Темекі тарту
Әрбір қорап темекіде «Шылым шегу денсаулыққа зиянды» деген ескерту жазылған. Темекінің зияны, ең әуелі, темекі тартудан қалыптасқан түтіндегі мыңнан артық зиянды заттарды адам денесі сіміргеннен кейін, ішкі дене мүшелері мен бауырды әртүрлі деңгейде зақымдайды әрі түрлі ауруларға душар етіп, қатерлі ісік ауруына шалдықтыратын басты себептердің біріне айналады. Сондықтан бауырды қорғау үшін темекі тартудан тыйылған жөн.
Дайынған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: sina.com.cn
M. Auelkhan