Айнаға қарап, денсаулығыңызды байқаңыз

Айнаға қарап, денсаулығыңызды байқаңыз
Фото: freepik.com

Әр күні жұмысқа кетерде айна алдына келіп өз бейнеңізге бір үңілмей жолға шықпайсыз. Дәл осы сәтте өз бет-әлпетіңіздегі өзгерістерге ден қоя назар салсаңыз, денсаулығыңыздағы өзгерістерді байқай аласыз. Бұл аурудың алдын алуға өте пайдалы.

Көзіңіздің үсті іссе

Бұл бүйректің әлсіздігінен немесе бүйректің қабынуынан дерек беруі мүмкін. Мұндайда дәрігерге барып қаралыңыз және қан қысымыңызды өлшетіп көріңіз.

Көздің айналасы қарауытса

Бұл сіздің қатты шаршағаныңызды білдіреді, мұндай шақта демалысты көбейтіп, тыныштыққа назар аударыңыз.

Көзіңіз қанталаса

Ұйқының аздығынан адам көзі қанталауы мүмкін.

Ерніңіз сарғайса

Шылым шегетін адамдардың ерні сарғайып кетеді, бұл жүрек, өкпе сынды ішкі мүшелердің қалыпты қызметіне нұқсан келгенін айғақтайды.

Тілдің үсті ағарып, қалыңдаса

Ас қорытудың жақсы болмағандығынан, асқазанның қабынуынан, асқазан-ішек жолы қызметтерінің қалыпсыздығынан дерек беруі мүмкін. Мұндайда тамақты өлшеммен жеуге назар аудару керек.

Бетке қара дақ түссе

Бұл тамақта витамин В тобының немесе витамин С-ның кемшіл екенін білдіреді. Мұндайда балғын жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыну керек.

Тері сарғайып кетсе

Бауырда ыстық немесе т.б. ақаулардың бар екенін білдіреді. Мысалы, бауырдың қабынуы, бауырдың қатаюы сынды.

 

M. Auelkhan