Кеш ұйықтайтын студентке кеңестер

Кеш ұйықтайтын студентке кеңестер

Студенттер қауымы ең кеш ұйқыға жататын қоғам өкілдері. Мұны мойындайтын да шығарсыздар. Әсіресе жатақханадағы студенттердің ұйқыға кеш жататынын көріп те жүрген боларсыздар. Алайда ұйқының қанбауы - таңертең ерте тұрудың кепілі емес. Сондықтан ерте ұйқыға жату, біріншіден денсаулығыңызға пайдалы болса, екіншіден ертеңгі күні сергек жүруіңізге кепіл бола алады. Осыны ескеретін болсаңыз, ерте ұйықтауға дағдыланғаныңыз абзал, Студент!

Кеш ұйықтаудан құтылу үшін төмендегідей кеңестер береміз:

  1. Ұйықтауға жатардан бұрын шай немесе кофе ішпеңіз, орнына жылу су немесе сүт ішуге болады.
  2. Сондай-ақ тамақтану жөнінде дәл солай, жеңіл тамақтануға, мүмкіндік болса мүлдем тамақтанбауға тырысыңыз.
  3. Кешкі асыңызды ішіп болған соң, далаға шығып серуендеп қайтыңыз.
  4. Ыстық душ қабылдаңыз, бұл сіздің босаңсуыңызға мүмкіндік береді, содан кейін бірден төсекке жатыңыз.
  5. Өзіңізге осы күн туралы есебіңізді беріңіз. Ертеңгі күнге аздап болса да жоспар қойыңыз.
  6. Егер ұйқыңыз мүлде келмей жатса, кітап оқыңыз.
  7. Төсекте көзді жұма толық босаңсуыңыз, және бастан қажетсіз ойларды шығарып тастап, тек қана ұйықтау керек деген мақсат қою керек. Егер бөтен ойлар басыңыздан кетпей қойса, онда теледидарды (егер болса) қосып, көзіңіз ілінгенше қарай тұрыңыз.
Ө. Сансызбай