Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Кино мен музыканың денсаулыққа пайдасы

Кино мен музыканың денсаулыққа пайдасы

Кино мен музыканың денсаулыққа пайдасы

"Қолда бардың қадірі жоқ" демекші, салауаты өмір салтын жүргізуге қажетті шаралардың бәрін білсек те, мезгілінде орындай бермейміз. Біреулер мұны уақытының жоқтығын айтып ақтап алып жатады. Білесіз бе, мына жазбадан кейін бұл себепті айтпайтын боласыз. Демалып та, көңіл көтеріп жүріп те денсаулығыңызды жақсарта аласыз. Әсіресе, музыка мен кино хоббиыңызда бар болса, тіптен жақсы....

Музыка

Вестминстер Университетінің ғалымдары концертке жиі бару адамның адамның қан қысымын төмендетіп, күйзелісті қайтарады деген тұжырым айтып отыр. Әуен күнделікті тұрмыстан пайда болған мұң мен қайғыны емдеп жаза алады.

Рок – салмақ тұрақтылығын қамтамасыз етеді

Май басу ағзадағы дофаминнің төмен дәрежесімен тығыз байланысты екен. Ал қатты шығатын ритмді әуен бұл гормонның деңгейін көтереді. Рокпен ілесіп билейтін болсаңыз, денеңіз сергіп, денедегі біршама калориядан арыласыз.

Классика – ақыл қабілетін арттырады

Итальяндық ғалымдар үнемі классикалық музыка тыңдайтын адамдармен тәжірибелік жұмыстар жасайды. Нәтижесінде әр тыңдаған сайын есте сақтау қабілетінің 20 пайызға артатыны анықталды. Миды тынықтыратын, жүректі  тыныштандыратын қасиеті де бар.

Лаунж – ағзаны қалпына келтіреді

Минутына 100 соққыдан кем болмайтын темптегі әуен тамыр соғысын 20 пайызға төмендетіп, тыныс алуды жеңілдетеді және басқа да ағза жүйелерін қалпына келтіреді. Жатып тыңдайтын болсаңыз, жастық пен жұмсақ ойыншықты жаныңызға алып алыңыз.

Кино

Айына бір рет болсын кино әлеміне ену арқылы күйзеліске түсу, зерігу, сағыну сезімдерінің мүмкіндіктерін 62 пайызға төмендете аласыз. Алайда, дәрігерлер нашар киноның теріс әсер ететіндігін естен шығарып алғандай... Талғаммен көріңіз.

Үрейлі  фильмдер – Альцгеймер ауруын аластатады

Резеңке бетперде киген, бет-аузының тілімі шығып, қанмен жуылған кейіпкерлер ми қызметін 25 пайызға арттырады екен. Сондай-ақ, Альцгеймер сырқатының пайда болуына да тосқауыл бола алады дейді мамандар қауымы.

Комедия көріп, инфаркттің бетіне күліңіз...

Бір кинода 30 минут бойы күле алсаңыз, қан тамырларыңыз кеңейіп, қан айналымы жақсара түседі. Бұл дегенің жүрек-қан тамырлары ауруларына жол жоқ деген сөз!

Боевик – қан қысымын төмендетеді

Жағымды кейіпкер өз күшімен жағымсыз кейіпкердің бетін бұзып, талқанын шығарып жатса, қандағы адреналин дәрежесі көтеріледі екен. Бұл гормон кортизолдың қан тамырға әсерін бәсеңдетіп, соның арқасында қан қысымы төмендейді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: zastavki.com, positiveland.ru

12710 11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 07 ақпан 2014, 12:59
Пікірлер
+0
07 ақпан 2014, 13:11

Мен күніне 15 сағат музвка тыңдймын :)

+0
07 ақпан 2014, 13:14

қандай жанрда тыңдайсыз көбіне?

+0
07 ақпан 2014, 13:27

Біліп ем, менің бәрін тыңдаймын, көремін :lol:

+0
07 ақпан 2014, 13:51

Инфаркт пен қан қысымына байланысты аурулар менен алыс жүреді екен ғой...

+0
07 ақпан 2014, 14:02

сенімдісің ба :|

+0
07 ақпан 2014, 14:03

100 пайыз ғой! Бірақ, Альцгеймер ауруы туралы білмедім...

+0
07 ақпан 2014, 14:06

Мелодрама көретіндер ше?)

+0
07 ақпан 2014, 16:34

Музыканың пайдасы өте көп қой, :? әсіресе ән айтуда денсаулыкка пайдасы көп екенін сезінгенмін :D

+0
07 ақпан 2014, 23:36

тамаша :evil: музыка тындап жүіп бәрін ұмытып кететінім бар :ugeek:

+0
08 ақпан 2014, 01:02

музыкаа :lol:

+0
23 сәуір 2014, 14:21

:mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...