Тұмаудан емделудің 12 әдісі

Тұмаудан емделудің 12 әдісі

Кезекті тақырыбымызды тұмауға арнаймыз. Егер тұмаумен қатар денеңіздің қызуы көтеріліп, жөтеліп, тамағыңыз ауырып жатса, бірден дәрігерді шақыртқаныңыз жөн. Бұның барлығы асқынған тұмаудың белгілері.

1. Қысым, уқалау және шаю

Қысымды қолданып көріңіз. Дәл желбезектердің үстінде бастың ауырғанын басып, мұрынның бітелгенін ашатын нүкте орналасқандықтан, мұрын желбезектерін 10 рет басыңыз. Желбезекті басып ғана қоймай, мұрныңызды толықтай жабыңыз. Осы әдісті көзіңіздің айналасына жасап көріңіз. Бұны да 10 рет қайталайсыз.

2. Құлағыңыздың сырғалығын 10 секунд бойы уқалаңыз. Аталған әдісті екі құлағыңызға да жасаңыз.

3. Шаю. Бір кесе суға бір ас қасық тұз салып, ерігенше әбден езіңіз. Артынша осы сумен мұрныңызды шайыңыз. Су қайнаған әрі фильтрленген болуы тиіс.

4. Сіңбіріңіз. Тұмау кезінде мұрынның іші сілемейлі сұйықтыққа толып қалатындықтан, оны сыртқа шығару керек. Теріні тітіркендіріп алмау үшін жұмсақ орамалды пайдаланыңыз.

5. Жылы компресс қойыңыз. Орамалды жылы суға салып, бетіңізге басыңыз. Бұл әдіс мұрын қуысындағы қысымды азайтып, мұрынды сұйықтықтан тазалайды.

6. Салфетканы пайдаланыңыз. Оны алып екіге бүктеңіз де, мұрынның тесігіне салып қойыңыз. Көлемі мұрныңызбен бірдей болуы тиіс.

7. Босаңсып, дұрыс демалуға тырысыңыз. Қағаз мұрынның ішкі бөлігіне ауа өткізеді әрі сұйықтықтың сыртқа ағып кетуіне жол бермейді. Ауа жетпеген жағдайда ауызбен демалыңыз.

8. Дәріханадан «Викс Вапораб» майын сатып алыңыз. Жалбыз иісі аңқыған бұл май мұрын бітелуіне жақсы көмектеседі. Оны мұрныңыздың үшбұрышты бөлігіне жағып, терең демалыңыз. Көп ұзамай тұмаудың ізі де қалмайды. Әрі тамақ пен кеуде тұсына жағып қоюыңызға болады.

9. Тұмаудың себебін емдеу

Тұмаудың себебін анықтаңыз. Ол аллергия, суық ауа райы, күйзеліс, темекі түтініне әсер, қызылша, көкжөтел аурулары болуы мүмкін. Мұрын бітелуінен басқа белгілер көріне бастаса, бірден дәрігерге қаралыңыз.  

10. Суық тиген кезде суды, жеміс-жидек шырынын, ет сорпасын көбірек ішіңіз.

11. Қоздырғыштан аулақ жүріңіз. Ол әдетте үй жануарлары, бөлме өсімдіктері болуы мүмкін.

12. Бөлмені арнайы микробтарды өлтіретін құралмен тазалаңыз.

Кеңестер:

- Құрамында кофеин мен шәй жоқ сусындарды ішіңіз;

- Иісі жоқ, жұмсақ салфеткаларды пайдаланыңыз;

- Мұнымен қатар жақсы демалыс пен тәтті ұйқының әсері мол;

- Лимон мен бал қосылған ыстық су ішіңіз;

- Жатқан кезде жастығыңыз әдеттегіден көтеріңкі болсын;

- Дәріханада сатылатын мұз кәмпиттердің де маңызы зор;

- Үнемі жылы жүріңіз;

- Иіссіз майды мұрынның жарылған жерлерін жағып отыру керек.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com

Қ. Бүйенбай