Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Тырнақты йодпен емдеу

Тырнақты йодпен емдеу

Тырнақты йодпен емдеу

Қарапайым йод – кез келген дәріханада арзанға сатылатын дәрілік зат. Йодты жараларды тазалауға, емдеуге, екпе жасағаннан кейін ісігін кетіру мақсатында қолданамыз. Шынында йодты онша жиі қолдана бермейміз, йодтың бір сауыты жылдар бойы дәрі қобдишамызда сақталады. Бірақ мына дауаны үйреніп алсаңыз, йодты жиі қолданатын боласыз.

Йод сынғыш, жұқа, зақымданған тырнақты берік қыла алады екен. Бұл дауаны өзіңіз-ақ үйде оңайлықпен жасай аласыз.

Сізге керегі: йод, мақта мен мақта таяқшалары.

Тырнақтағы маникюрды арнайы сұйықтықпен кетіріп тастаңыз. Тырнағыңызды сабынды сумен жақсылап тазартып жуыңыз. Мақта таяқшасын йодқа малып, әр тырнағыңызға йод жағып шығыңыз. Йод тырнаққа тез сіңуі керек. Қорықпаңыз, ол киіміңізді, теріңізді аса кірлетпейді. Йод кепкенін күтіңіз. Бұл дауадан кейін тырнағыңыз йодқа тән қызғылт-сары түске боялады. Бұл оғаш көрінеді десеңіз, тырнаққа лак жағып қойыңыз.

Осындай дауа тырнағыңызды лактың кері әсерінен сақтап, тырнақты берік қылады. Дауаны 5 күн қатарынан қайталасаңыз, тырнағыңыз әлдеқайда жақсарып қалады. 

Бұл дауаны бірнеше жыл бойы біздің аналарымыз қолданып келген. Сондықтан еш қауіпсіз деп ойлай берсеңіз болады. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: look-well.ru

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 30 қаңтар 2014, 20:00
Пікірлер
+0
30 қаңтар 2014, 22:20

Йодты жаққан соң оны өшірмей үстіне лак жағу керек пе?

+0
31 қаңтар 2014, 12:44

Йод өшпейді, тырнаққа сіңіп, кеуіп қалады. Бірақ оғаш түсі қалады. Соны жасырамын десеңіз, лак жақса болады.

+0
31 қаңтар 2014, 01:39

Менікі сынғыш еді, осылай йодпен бояп қоятынмын қазір сынбайды

+0
31 қаңтар 2014, 13:31

Өте пайдалы әдіс... Қытай қазақтары үнемі осылай жасайды екен...

+0
31 қаңтар 2014, 17:24

iodti trnakka jagiuga bolmaydi dep estidim . bul jazilgan makalanin meditsinalik negizi bar ma eken . eki oiyli bolip kaldim. :(

+0
01 ақпан 2014, 00:30

қызық.

+0
02 ақпан 2014, 01:14

дәріханаларда сатылады, йод-маркер ғой деймін аты, сол ыңғайлы. Кәдімгі маркер сияқты, бірақ сияның орнына йод. Құрбым үнемі жағып жүретін тырнағына.

+0
11 ақпан 2014, 00:12

негізі пайдалыығоо зияны өттее аз шығаарр

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.