Кәуап пен кебабтың денсаулыққа зиянды тұсы...

Кәуап пен кебабтың денсаулыққа зиянды тұсы...

Мангалда дайындалған кәуап пен кебаб адам денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Дәл осындай тұжырымға ирандық ғалымдар келіп отыр, деп хабарлайды аze.az.

Зерттеушілер компьютер көмегімен етті отында дайындау кезінде орын алатын процестерді модельдеген екен. Зерттеу нәтижесінде белгілі болғаны, ашық отта немесе мангалда дайындалған тағам зиянды концерогенді заттар бөліп шығарған. Ғалымдардың пікірінше, бұл заттардың адам азғасына зияны автокөліктерден бөлініп шығатын газдармен бірдей көрінеді.

Сондай-ақ етті мангалға дайындау кезінде пайда болатын түтіннің кесірінен адамның ДНК жасушаларының өзгеріске (мутацияға) ұшырау мүмкіндігі 100 есеге дейін өседі екен. Ал бұл өз кезегінде онкологиялық ауруларға шалдығуға алып келмек. Одан бөлек, ғалымдар отыннан шыққан түтіннің құрамындағы улы заттар темекідегіден әлдеқайда зиянды дегенді де айтып отыр.    

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 Сурет: vkusnopolezno.ru

Б. Қосмағамбет