Әдемі мүсін иесі үшін...

Әдемі мүсін иесі үшін...

Күн жылынып жатқанда, қабат-қабат киіміңізді шешіп, дене бітіміңізге назар аударасыз ба? Қыстан соң, оның жағдайы мәз емес болар. Әсіресе, қыста ауылдан жіберілген соғымды жеп-жеп, қарныңыз өсіп кетті ме? Бірақ, еш уайымдамаңыз. Мына жаттығулар топтамасы іш пен аяқ бұлшық еттерін жаттықтырып, дене бітіміңізді тез арада әдемі де тартымды қылады.

1) Арқаңызбен жатып, қол-аяқтарыңызды жоғары көтеріңіз. Қолыңызды табандарыңызға тартыңыз. 
2) Қолдарыңыз бен сол аяғыңызды түсіріңіз. Қолыңызды бас деңгейінде, аяғыңызды да жерге тигізбей ұстаңыз. Оң аяғыңыз тік көтеріліп тұруы керек. 
3) Екі аяқты да жоғары көтеріп, қолыңызбен қайта тартылыңыз. Екінші аяғыңызбен әр жаққа 10 рет қайталаңыз.
1) Түзу тұрып, сол қолыңызды шетке қарай түзу ұстап, оң аяғыңызды сәл көтеріңіз. 
2) Оң қолыңызбен желкеңізден ұстап, оң аяғыңызды шетке қарай бүгіңіз. Қол мен аяқты ауыстырыңыз. Жаттығуды шапшаңдықпен әр жақтан 15 реттен қайталап орындаңыз.
1) Түзу жерге жатыңыз. Аяқтарыңызды 90 градусқа бүгіп, қолыңызды жоғары көтеріп, әр қолға 2 кг гір алыңыз. 
2) Сол аяғыңызды түзулетіп (бірақ жерге жатқызбай), қолыңызды екі жаққа ақырын түсіріңіз. 
3) Бір сәтке осы қалыпта қатып қалып, бастапқы жағдайға қайтыңыз. Әр аяқпен 10 рет қайталаңыз. 
1) Түзу жерге отырыңыз. Қол-аяқтарыңызды бүгіп, қолыңызға 2 кг гір алыңыз.  
2) Сәл артқа ауытқып, қолдарыңызды жоғары көтеріңіз. аяқтарыңызды бірнеше сантиметрге көтеріп, осы қалыпта 3 секундқа қатып қалыңыз. 15 рет қайталаңыз.

1) Аяқтарыңызды біркелкі қойып, түзу тұрыңыз. Сол аяғыңызбен артқа шегініп, отырыңыз. Сол қолыңызды оң табаныңызға тигізіңіз. 
2) Қайта тұрып, аяқты ауыстырып жаттығуды қайталаңыз. Әр жақтан 15 рет істеген дұрыс.

Әрқашан шымыр болыңыз!

Сурет: wday.ru

С. А