Қыс мезгіліндегі әлсіздік

Қыс мезгіліндегі әлсіздік

Қыс мезгілінде адам әлсіздікке жиі бой алдырады. Адам бойындағы қуат көздерінің дәл осы мезгілде таусылуына не себеп?

Мына тест сұрақтарына жауап беріп көріңіз:

1)      Тез шаршайсыз ба?

2)      Бір іске бірден кірісіп кете алмайтыныңызды байқайсыз ба?

3)      Жұмысты құлшыныссыз істейсіз бе?

4)      Қанша уақыт ұйықтағаныңызға қарамастан, ұйқыңыздың қанбағанын сезінесіз бе?

5)      Жыныстық қатынасқа түсуге құлшынысыңыздың сиреп қалғанын байқайсыз ба?

6)      Төсектен тұрғаннан кейін, басыңыз мең-зең болады ма?

7)      Дене еңбектеріне төзе алмайтын боларсыз?

8)      Жарық шам, қатты күлкі, телефон қоңыраулары мен шулар жүйкеңізге әсер ете ме?

9)      Айналадағы адамдардан мазасызданып жүрген шығарсыз?

10)   Қонаққа немесе театр, киноға баруға құлшыныс жоғалғанын байқадыңыз ба?

11)   Соңғы 2-3 ай көлемінде артық салмақ қостыңыз ба?

 

 Егер жоғарыдағы сұрақтардың көбіне берген жауабыңыз «иә» болса, сіз шынымен әлсіз күйде жүрсіз. Астения — суық кезде адамның психологиялық, физикалық және эмоционалдық жағынан күйзеліске ұшырауы. Қарныңыз тоқ болса да, аш адамша, асқа құмартып тұрасыз. Бірақ, қасықты әлсін-әлсін ұстап, асты ептеп қабылдайсыз. Мұның бәрі суық күні адамда пайда болатын әлсіздіктің белгілері.

Астенияға душар болған жағдайда

  Мезгілдік астения — бұл тұмау ауруы емес, дегенмен, желтоқсан айына қарай, нағыз тұмау белгілері байқалады. Осы кезде тұмау ауруына шалдыққандардың қатары арта түседі. Оны болдырмаудың жолы — ультракүлгін сәулелесінің астында көп жүру. Бөлменің ішінде отырып та, жарықтан түсетін сәулелерден қуат алуға болады. Сондықтан да, бірінші ем — жарық сәулелері. Қыс мезгілінде де күн шуағында серуендеу ағзаға пайдалы. Ауа температурасының 0°C-тан төмен болуына қарамастан, шұғыла шашып тұрған күннен алар жағымды әсер бар. Жаз күніндей ыстық сәулесін төкпесе де, жаныңызға қуат күшін сыйлайды.

 

Күшті қайдан аламыз?

1.   Дұрыс тамақтану

Тойымды түскі астан кейін тәніңіз маужырап, ұйқы басады. Мидың қан айналымы да өте баяу жүреді. Сонда, ағза барлық күші мен энергиясын ішке түскен асты қорытуға жұмсайды. Қыс мезгілінде күніне 5-6 рет, аз-аздан ас ішіп тұру керек. Егер түс мезгілінде, не болмаса кешкі уақытта шектен тыс мөлшерде тамақ ішсеңіз, ол асқазанда қорытылмайды. Ал бұл ми қызметінің нашарлауына әкеп соқтырады. Аптасына екі рет «жеңіл» күндерді жариялаңыз. Бұл күндері тек жеміс-жидекпен немесе көкөністермен ғана ауқаттанасыз. Күнделікті қажетті мөлшерде сусын ішсеңіз, С дәруменінің жетіспеуінен зардап шекпейсіз. Сондықтан, суық күні лимон салынған ыстық шәйді жиі ішіп тұрыңыз. Жеміс шырындары мен сүт те артық етпейді.

 

2.       Диета

Бұл мезгілде арықтаймын деп тәніңізге ешқандай тәжірибе жасамаңыз. Артық салмақ қосып алудан қорықсаңыз, ас мөлшерін азайтқан дұрыс болады. Бастысы, ақуыз, май, көмірсудың болуын қадағалаңыз. Бұл қоректік заттарды жеткілікті мөлшерде қабылдап отырсаңыз, қыстыгүнгі әлсіздік ушықпайды. Егер уақыт тапшылығынан ауқаттанып үлгермесеңіз, дәрумендер кешенін қабылдаған артық етпейді.

 

3.      Жеңіл таңғы ас

Жүгері қауызын сүтке қосып, балаларға берудегі мақсат - оның денсаулығын күту. Ересек адам да, күнін жеңіл астан бастаса, хал-жағдайын айтарлықтай жақсартуға болады. Жеңіл асқа: сүт тағамдары, майсыз йогурт, көк шай жатады. Бірақ, ағзаға май да аса қажет. Таңғы асқа май жағылған нан жесеңіз, қарныңыз тоқ, кеудеңізде күш болады.

 

4.      Аш қарынға тәтті тағам

Кез келген тағам жарнамасында көрсетілгендей тәтті болуы мүмкін, бірақ пайдалы емес. Тоқ ішек ас сұрап тұрған кезде, оны тәттімен алаңдату денсаулығыңызға кері күш түсіреді. Бұл кезде, қандағы қант мөлшері ұлғайып, глюкоза жоғалады. Аш қарынға жеген тәтті шоколадтан соң, лоқсу мен бас айналу болуы ықтимал. Айтарымыз, аш қарынға тәтті ас қабылдау зиянды. Есіңізде болсын, құнарлы тамақтану — салауатты өмір салтын ұстанумен тепе-тең. Салауатты өмір салты — ұзақ өмір сүрудің кепілі.

 

5.      Шала ұйқы

Қарапайым күндері ұйқыға тәулігіне 5-6 сағат арнап, ал жексенбі күні 12 сағат бойына ұйықтап, «қандырдым» деп ойласаңыз, қателесесіз. Ағзаның бұл туралы өз пікірі бар. Сау адам тәулігіне 8 сағаттан артық, не кем ұйықтамау керек. Жексенбі күнді ұйқымен өткізсеңіз, «бас сақинасына» шалдығып, беймаза күйде боласыз. Сол үшін, ауыр жұмыс аптасынан соң, жылы ванна қабылдап, аяқты уқалап, жатын бөлмесін желдетіп алып, ұйықтау қажет. Таңертең күндегі уақытта оянып, басқа тірлікпен айналысыңыз. Қыстың түні ұзақ, күні қысқа. Сыртың қараңғылығына қарап, «түн екен», - деп жата беруге болмайды.

 

6.       Әрекетсіздік

Америка ғалымдары мынадай тәжірибені жасаған: Астенияға (әлсіздік) шалдыққан екі жүз американдық менеджерді аптасына үш рет фитнес залында шынықтырады. Бір ай өткен соң, олардың 90%-ы өздерін жақсы сезініп жүргендерін айтқан: жұмысқа белсенділіктері артып, түнгі ұйқылары жақсарып, асқа тәбеттері артқан. Сонда, тәжірибеде нәтижесіне сай, дене шынықтыру мен қандай да болмасын дене қозғалыстары адам бойына қосымша қуат береді. Қыс мезгілінде спорт залдарына бару, не болмаса жаяу жүріп, таңертеңгілік жаттығулар жасау сізге жеңілдік пен сергектік сыйлайды.

 

Қызықты дерек: Экватордан алыс аймақта шоғырланған халық астенияға төзе алмайды. Флориданың жылына 1,5 % тұрғыны астениядан зардап шегетін көрінеді. Бұл көрсеткіш Аляскада 6 есеге көп. Қыста пайда болатын бұл ауруға испандықтар, шведтіктер, финдер де осал келеді екен.

 

7.      Ауыр фитнес

Спорт залда деміңіз таусылғанша жаттыққаннан пайда аз. Шектен тыс қимыл қозғалыстарынан бұлшықетте қосымша сұйықтық бөлініп, ағза шаршап, миға артық күш түседі. Соның әсерінен, астения өршуі мүмкін. Бұл жердегі басты ем — тыныштық. Ваннаға жылы суды толтырып, жағымды иісі бар шөптер мен иіссабындарды салып, денені бос ұстап, бірнеше минут жату қажет. Су астында қан айналым жақсарып, дене босаңсиды. Спорт залынан кейінгі шаршауды осылай жеңуге болады.

 

8.      Көлік жүргізу

Әдетте, көлік рөлінде адам бір қалыпта ұзақ отыруымен қатар, жүйкеге ауыр күш түсіріп, шыдамы таусылып, энергиясының бәрін осы бір мезгілде жоғалтып алып жатады. Бұлар да миға зиян келтіреді. Көлік жүргізуден шаршаудың белгілеріне тез шаршау, ұмытшақтық, жайбасарлық жатады. Бұл кезде астения ауруы да өрши түседі. Қалыпты жағдай деп қабылдап, мән бермей жүре берсеңіз, соңы күрделі ауруларға әкелуі мүмкін. Мұндайға жол бермей үшін көлік рөліне отыру алдында нәр татып алыңыз, көлік ішіндегі ауаның қоңыр салқын болуын қадағалаңыз. Қыс мезгілінде көлік ішіндегі жылы температура адамды ұйқыға тартады. Сондықтан, ауаны қоңыр салқын етіп, әдемі әуеннің үнін баяу шығарып қойып, тек жақсы ойлармен көлік жүргізу — астенияның алдын алады.

 

9.       Қарбалас

Кейде уақыт тапшылығынан бірнеше әрекетті бір уақытта орындауға тура келетін қарбалас кездер болады. Теледидардағы жаңалық, газға қойылған ет, жылап жатқан бала, көршінің үріп жатқан иті — бәрі бір мезгілде дыбыс шығарып жатса, жүйке сыр беріп, сіз ашуға булығасыз. Бұл - Астенияның пайда болуына тағы бір себеп. Егер барлық істі тындыруға үлгермей жатсаңыз, жоспар құрып, қағазға жазыңыз. Енді шаруаңызды сол жоспар бойынша жасаңыз. Рет-ретімен тындырылған іс жақсы нәтижесін берумен қатар, жүйкеңізге де артық салмақ түсірмейді.

 

10.  Темекі тарту

Темекі тартатын жандар көбіне «шылым шегіп, жүйкені тынышталдырамын», - деп ойлайды. Бұл - қате ой. Темекіден келетін нәтиже біреу, ол — өкпе ауруын қоздыратын таяқшаны тудырады.

 

11.  Қара киімнен қара әсер

Қазіргі күні сәнқой ханымдар қара түске әуес. Қара түс — дене пішінін кішірейтіп көрсетумен қатар, кез келген өңге жараса кететіні рас. Дегенмен, бұл көңілсіз түс екенін біле бермейміз. Сұлулық — бәрінен де жоғары. Әдетте, дресс кодты талап ететін мерекелік кештердің соңы адамдардың тез шаршауымен, көңілсіз аяқталады. Себебі, қонақтар жаппай қара түстен киінген. Психологтардың пайымдауынша, қара түс —шаршатады, қызыл түс — шешімін таппай жүрген мәселелерді шешуге көмектеседі, жасыл түс — сергітеді. Өзіңіз байқап көріңіз, әңгімелесушіңіз ашық түсті жейдеде отырған болса, әңгіме қыза түседі. Астенияны болдырмауға тағы да түсі дұрыс таңдалмаған киім де әсер ете алатын болды. Бізден кеңес: киім таңдауда ашық түстерге құмарта жүріңіз, бұл сіздің көңіл-күйіңізге жақсы әсерін тигізеді.

 

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар өміріңізде орын алмасын десеңіз, біз берген кеңестерді жадыңызда сақтай жүріңіз.

Суреттер renovacio-med.ru, skoraya-03.ru  сайттарынан алынған