Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жүрек жұмысын жақсартатын ғажайып қоспа

Жүрек жұмысын жақсартатын ғажайып қоспа

Жүрек жұмысын жақсартатын ғажайып қоспа

Кепкен жемістердің денсаулыққа берер пайдасы көпшілікке аян. Әсіресе, жүрек пен қан тамырларының жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін калий мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді. Бұл медицина ғылымдарымен дәлелденген.

Кепкен жемістердің құрамында түрлі дәрумендер мен минералды тұздар бар. Олардың концентрациясы да жаңа піскен жемістерден әлдеқайда жоғары.

Жаңғақтар жайында да осылай деуге болады. Ал балдың пайдасы онсыз да түсінікті. Кепкен жемістер мен жаңғақ, балдан дайындалған қоспа жүрек жұмысын қалпына келтіреді, жақсартады.

Ғажайып қоспа

Жүрек жұмысын жақсарту үшін төмендегі қоспадан күніне аз мөлшерде жеп тұрғаныңыз дұрыс.

Ол тек пайдалы емес, өзіндік дәмімен тіл үйіреді. Оны кәмпит, торт, бәліш секілді тәттілердің орнына қолдансаңыз болады. Яғни мұны тек жүрегі ауыратын адамдар ғана емес, сымбатты болуға ұмтылатын жандар да қолдана алады.

Қоспаның дайындалуы жайында төменіректе айтатын боламыз, әзірге оның компоненттерінің денсаулыққа тигізетін әсерін талдайық.

Кептірілген өрік (курага)


Бұл жемістің пайдасын ежелгі халықтар да жақсы білген. Пәкістанда адам аяғы баспайтын Гималай өлкесінде «хунза» атты тайпа өмір сүреді. Ондағы адамдардың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен – 100 жыл. Олар ауру, сырқау деген ұғымдарды білмейді, тістері қартайғанша сау қалпында сақталады. Тіпті, 100 жасқа келген қарттары да жас жігіттей шаттанып, жігерлі болып жүреді.  

Тайпаның егін егетін жері өте аз. Сол себепті жергілікті тайпаның адамдары жемістер пісіп жетілгенше кепкен өріктер жеп, одан жасалған сусындарды ішеді.

Бұл адамдардың сүйікті тағамына айналған өріктердің өзіндік құпиясы бар. Осыған байланысты «Қалыңдық жігітінің соңынан өрік өспейтін жерге ешуақытта бармайды» деген мағынаны білдіретін мақалдары да бар.

Өрік құрамында калий мөлшерінің көптігінің арқасында жүрек қан тамырларына өзіндік пайдасын тигізеді. Дәрігерлер жүрегіне ота жасалған адамдарға өрікті көп мөлшерде жеуге кеңес береді. Атеросклероз және гипертония ауруларына да көмегі зор. Қан аздыққа да көмектеседі. Іш жүрмей қатып қалған кезде көмектесетін ерекше қасиеті бар.

Қара өрік


Қара өрік те өз кезегінде жүрек қан тамырларына және зат алмасуға септігін тигізіп, қан қысымын қалпында ұстайды. Ішек жұмысын қалпына келтіреді. Бактерияларға қарсы әрекет ететін күші бар. Бүйрек пен өт іркілетін қалтаны тазартып отырады. Көз көруін жақсартады. Антиоксиданттарының арқасында иммунитетті көтеріп, ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады.

Мейіз

Жүрек жұмысын қалпына келтіреді. Жүйке жүйесін тыныштандырып, күйзеліс пен ашуға бой алдырмауға көмектеседі. Тамырлар мен өкпеге де әсері бар. Қан аздығын емдейді. Остеопороз ауруынан жазылуға көмектесіп, сүйектерді қатайтады. Тіс ауруларын қоздыратын бактериялардың санын азайтып, ауыз қуысын емдейді. Бронхылар мен өкпенің ауамен тыныс алуын қамтамасыз етеді.

Құрма


Ыстық елді-мекендерде құрманы «шөл даланың наны» деп атайды. Қытайда құрманың арқасында ұзақ өмір сүретін адамдар бар.

Ол да жоғарыдағы жемістер секілді жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартады. Анемияға төтеп беріп, артерия қысымын төмендетеді. Туберкулез бен ісік ауруларында да емдік қасиеті бар. Құрмалар құрамындағы глюкоза мен пайдалы жеміс қантының арқасында ми жұмысын жақсартады. Мұнымен қатар, ағзаның сыртқы әсерлерге төтеп бере білуін күшейтеді. Ішекті тазартып, ас қорыту жүйесін қалпына келтіреді. Аурудан кейін күш-қуатты арттыруға көмектеседі.

Інжір


Құрамында калий мөлшері жетіп артылатындықтан, өзгелері секілді жүрекке тигізер пайдасы мол. Қан тамырларының жіңішкеруінен сақтайды. Қан тамырларын бітеп тастайтын қан ұйығының бір жерге жиналып қалмауын қамтамасыз етеді. Бүйрек жұмысын жақсартып, тамырларды босаңсытады. Мұнымен қатар, дұрыс тыныс алуды қамтамасыз етеді.

Жаңғақтар

Жаңғақтардың көпшілікке белгілі танымал сорттары грек, фундук, миндаль, кешью, жаңғақтар болып табылады. Өзінің құрамында көп мөлшерде кездесетін Е дәруменімен ерекшеленеді. Антиоксидант болып табылатындықтан, жасушалардың ескіріп кетуін тоқтатады. Е дәруменінің арқасында теріні жасарту әсері бар. Мұнымен қатар иммунитетті күшейтеді.

Е дәрумені тамырларды қанның ұйып қалуынан сақтайды. Күш пен төзімділікті арттырады. Жаңғақтың құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер артериялық қысымды төмендетіп, анемия секілді ауруларды болдырмайды. Және атеросклероздың пайда болуын алдын алып, холестерин мөлшерін төмендетеді. Қалқанша темірдің қызметін атқарып, ми жұмысының белсенділігін арттырады.

Даршын (корица)

Жоғарыда айтылған жемістер секілді өзіндік пайдалы қасиеттері бар. Ісінуге қарсы күші бар. Ішек, бүйрек, бауыр, ас қорыту жүйелерінің белсенділігін арттырады. Жүйке жүйесін тыныштандырып, қан қысымын төмендетеді әрі жұмысқа деген белсенділікті арттырады. Ішекті түрлі бактериялардан тазартып отырады. Қандағы қант мөлшерін қалпына келтіреді.

Бал


Балдың құрамында түрлі дәрумендер мен микроэлементтер бар. Менделеев кестесіндегі барша элементтер құрамынан орын алған деп айтсақ та болады. Оны «дәрумендердің патшасы» деп те атайды. Жоғарыдағы жемістердің әсерін бойына сіңіріп, күш-қуатты ерекше жылдамдықпен қалпына келтіру қасиетіне ие. Қан құрамын жақсартып, зат алмасуды тездетеді. Жүрек қан тамырлары, бүйрек, бауыр, ішек ауруларында көмекке келеді.

Қоспаны дайындау тәсілі:

Әр кепкен жемістен 200 грамм мөлшерде алыңыз. Оларды жуыңыз. Ішінде сүйектері болса, оларды алып тастаңыз. (Жаңғақтың мөлшері кепкен жемістерден 3-4 есе аз болуы тиіс). Артынша қабықтарын алып тастаңыз. Жаңғақтар мен кепкен жемістерді жеуге икемді етіп, майдалап тураңыз. Туралған жемістерді ыдысқа салыңыз. Үстіне 1 – 1,5 ас қасық даршын қосыңыз. Осы мөлшерде сұйық болып кетпейтіндей етіп, бал қосыңыз. (Қоспаның қоюлығын қалауыңызша жасауыңызға болады). Барлығын араластырыңыз. Дайын болған қоспаны полиэтилен қақпақпен жабылған әйнек ыдысқа салыңыз да тоңазытқышқа салып сақтаңыз.


Күніне қанша мөлшерде қабылдау керек?

Бұл қоспаны күніне 3-4 рет 1 ас қасықтан жеп отырыңыз. Көп мөлшерде жеудің де зияны бар.

Мұндай пайдалы қоспа тек тәттілігімен ерекшеленбейді, тәтті тағамдарға деген құмарлықтан арылуға көмектеседі.

Қанша уақыт қолданған дұрыс?

Қоспаны үнемі пайдаланып отыруға болады. Алайда арасында үзіліс жасап отырсаңыз да зияны тимейді. Мысалы, 3 ай бойы пайдалансаңыз, 3 ай бойы үзіліс жасайсыз.

Бастапқыда күніне міндетті түрде 3-4 рет жеп, артынша ағзаңыздың қалауынша жегеніңіз жөн. Бастысы 3-4 ас қасықтан асып кетпесе болғаны.

Айтпақшы, бұл тағам түрі арқылы махаббат дертінен арыла алмайтыныңызды ескертейік. Жүректеріңіз ауырмасын!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: five.kz

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 04 қараша 2013, 10:17
Пікірлер
+1
04 қараша 2013, 11:03

Өте өте пайдалы қоспа! және өте тәтті!

+1
04 қараша 2013, 11:08

мен жей алмайтын сияқтымын...)

+1
04 қараша 2013, 11:49

Жүрегіміз ауырмасын!

+1
04 қараша 2013, 12:39

ооо біздің үйдегілер жасап қояды ылғи

+1
09 қараша 2013, 15:31

керемет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.