Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Қара нүктеден арылуға көмектесетін маскалар

Қара нүктеден арылуға көмектесетін маскалар

Қара нүктеден арылуға көмектесетін маскалар

Қыз баласының көркі тек жүрегінде емес, сонымен қатар мінсіз келбетінде. Бет терісіндегі безеулер мен қара нүктелерден арылып, мінсіз келбетке қол жеткізуге көмектесетін табиғи маскаларды ұсынамыз. Ең алдымен бұл маскаларды аптасына екі рет ғана қолдану керектігін естен шығармаңыз.

Шөптен жасалған маска

Маскаға қажет заттар:

- 2 қасық түймедақ жапырақшалары (дәріханадан сатып алынған болсын);

- 1 ас қасық лимон шырыны;

- 1 ас қасық қара бидай ұны;

Дайындау:

1. Түймедақ жапырақшаларын суға қайнатып, үстіне лимон шырыны мен қара бидай ұнын қосыңыз да, қоюланғанша араластырыңыз.

2. Бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз.

3. Жылы сумен шәйіп, ылғалдандырғыш крем жағыңыз.

Қызанақ маскасы

Маскаға қажет заттар:

- жаңа піскен 1 қызанақ;

- 1 ас қасық сұлы ұны;

- 1 жұмыртқаның сарысы;

Дайындау:

1. Қызанақты суы шыққанша езіп, үстіне сұлы ұны мен жұмыртқаның сарысын салып, араластырыңыз.

2. Дайын болған қою масканы теріңізге жағыңыз.

3. Уақыты шамамен 25-30 минут (толық кепкенше ұстаңыз).  

4. Жылы сумен шайып, ылғалдандырғыш крем жағыңыз.

Сүт тағамдарынан жасалған маска

Маскаға қажет заттар:

- 50 миллилитр қайнаған сүт;

- 1 ас қасық сұлы ұны;

- 2 ас қасық демделген түймедақ жапырақшалары (алдын ала қайнатылып алынған);

Дайындау:

1. Сұлы ұнын қайнаған сүтке салып, қоюланған соң, от үстінен алыңыз. Артынан түймедақ жапырақшалары қайнатылған суды құйыңыз.

2. Суыған соң, бетіңізге жағып, 20-25 минутқа қалдырыңыз.

3. Жылы сумен шайып, қоректендіргіш крем жағыңыз.

Сүтті маска

Маскаға қажетті заттар:

- 1 ас қасық сұлы ұны;

- 50 миллилитр ыстық сүт;

- 1 ас қасық сода;

Дайындау:

1. Сүтке сода мен сұлы ұнын қосыңыз.

2. Дайын болған қою масканы бетіңізге жағып, 25-30 минутқа қалдырыңыз.

3. Бинттің көмегімен уқалай тұрып, бетіңізді жылы сумен тазартыңыз.

4. Тазарған бетіңізге ылғалдандыратын крем жағыңыз.

Ақ балшықтан жасалған маскалар қара нүктеден арылуға жақсы көмектеседі.

Маскаға қажет заттар:

- 1 ас қасық магнезии;

- 1 ас қасық ақ балшық;

- 1 ас қасық күріш крахмалы;

- 1 ас қасық бор қышқылы;

- 1 ас қасық күйдірілген ашудас ұнтағы;

Дайындау:

1. Барлығын аузы жабылатын әйнек ыдысқа салып араластырыңыз. (Бұл дайындағандарыңыз 3 рет қолдануға жеткілікті).

2. Осы дайындағаныңыздың 1 ас қасығын алып, 3 пайыздық сутек тотығына (перекись водорода) қосып, қоюланғанша араластырыңыз.

3. Көзіңіздің айналасына тигізбей, бетіңізге жағыңыз.

4. Бетіңізде қатқанын күтіп, бинтпен түсіріп тастаңыз.

5. Жылы сумен жуып, қоректендіргіш крем жағыңыз.

Бұл маскалар қара нүктелерден арылуға көмектеседі. Және маскаларды бетіңізге жақпас бұрын, жақсылап тазартып алу керектігін ұмытпаңыздар.

Көпшілікке тұз қосылған маскалар көмектеседі. Күнделікті тұрмыста тұз бен суды араластырып, мақтаның көмегімен қара нүктелердің, безеулердің үстіне жағыңыз. Бұл рәсімді уақытымен қайталап тұрсаңыз, бірнеше аптадан кейін, жақсы өзгерістерді байқайсыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: profashion.ru

6267 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 18 қыркүйек 2013, 20:21
Пікірлер
+0
18 қыркүйек 2013, 23:48

осындайларды жагам деп мамамнан жаман урыс естигесин заукым жок :)

+0
19 қыркүйек 2013, 11:56

маған жақсы парланудан артық тазалау жоқ сияқты

+0
30 сәуір 2014, 00:06

безеу бар бетке парлаудын кажети жок

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...