Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен күтетін мереке
Мен күтетін мереке

Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Төтенше жағдайға арналған қосымшалар

Төтенше жағдайға арналған қосымшалар

Төтенше жағдайға арналған қосымшалар

Чат, Instagram-ға жарияланған лифттегі сурет, ВК, ФБ және бір-біріне ұқсайтын жүз шақты ойын - смартфондардың бұдан да артық нәрсеге қабілетті екендігі жайлы ойланып көрдіңіздер ме? Мәселен, адам өмірін құтқара алатындығы жайлы? Вести.Хайтек жақында төтенше жағдайда пайдаға жарауы мүмкін қосымшалар топтамасын жасап шыққан болатын. Әрине, олар қажетке жарамайды деп үміттенеміз, дегенмен де...

WebMD

Бірден ескерте кететін нәрсе - бірде-бір қосымша білікті медицина маманын алмастыра алмайды, сондықтан қосымшаның көмегіне тек дәрігер болмаған жағдайда ғана жүгеніңіз.

Ал WebMD - ағылшын тілін білетіндерге таптырмас қосымша. Бағдарлама ауруды анықтап, оның қалай алдын алуға болатындығы жайлы білуге мүмкіндік беретін толық түсіндірілген интерактивті анықтама болып саналады. Кіріктірілген Symptom Cheker қызметі адам денесі тұрғысынан алғанда маза бермейтін жерлерді көрсетіп, пайда болған тізімнен симптомдарды таңдауға мүмкіндік береді. Осыдан соң бағдарлама диагноз қойып, олардың әрқайсының ықтималдылық деңгейін көрсетеді. Диагнозды басу арқылы ауру жайлы толық мағлұмат алып, пайда болу себептері мен оны емдеу жолдары жайлы білуге болады. 

Сонымен қатар, бағдарламаға дәрі-дәрмек анықтамасы да кіріктірілген, олардың әрқайсысына қолдану ережесі, жанама әсер ету эффектісі және тағы басқа нәрсе жайлы мәліметтер берілген. Қосымшада медициналық емдеу шаралары мен терминдер анықтамасы бар. Аталған қосымша ақылы және тегін нұсқада қолжетімді. Тегін нұсқасында қолданушы экран астына шыға беретін жарнамаларға "шыдауы" керек болады. 

WebMD қосымшасын App Store мен Google Play-ден тегін жүктеп алуға болады. 

Send Help

Қауіп кезінде басылатын батырма функциясын орындайтын қарапайым қосымша. Бағдарламаны жүктеу арқылы қолданушы өзіне жақын адамдарының телефон нөмірлерін енгізеді, әлеуметтік желідегі аккаунтармен байланыстырып, қауіп хатын жазады. Осыдан соң үлкен қызыл батырманы басқан кезде бағдарлама бірден таңдалған адамдарға көмек көрсету өтініші SMS хабарламасын жолдап, Фейсбук пен Туиттерде географиялық координаттарды көрсетіп, қауіп хатын жариялайды. Қосымша тез арада көмек сұрауға мүмкіндік беретіндігімен пайдалы. 

Бағдарламаны App Store-ден тегін жүктеуге болады. Android платформасына дәл осындай фунционалы бар Emergency Alert Button-ды Google Play-ден шамамен 250 теңгеге жүктеуге болады.

WikiHow

Бұл өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде жоғалып кетпеуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Мұнда түрлі жағдайға арналған көптеген кеңестер ұсыналған: бағдарлама ұшақты қалай қондыруға болатындығы, ауа райын болжау, суды тазарту, жер сілкінісінен аман қалу жайлы толық түсіндіреді. Барлық нұсқау қадамдарға бөлінген, оларға түсіндіретін схема мен суреттер келтірілген. Олар интернетке қосылуды талап етпейді. 

Егер нұсқауларды ағылшын тілінде қажетті мөлшерде түсінбегеннің өзінде, суретке қарап бәрін ұғуға болады. 

Қосымшаны  App Store мен Google Play-ден тегін жүктеуге болады. 

gotoAID

Бұл алғашқы жәрдем көрсету мен төтенше жағдайда керекті ақпаратты қамтыған өте қызықты қосымша. Алғашқы жәрдем көрсету анықтамасы өте жақсы жүзеге асырылған. Қосымшаға тек мәтін ғана салынып қоймай, сонымен қатар, аудио нұсқа да берілген. 

Бағдарламаға жүрек массажын, қолдан дем алдыруды және тағы басқа нәрселерді қалай дұрыс жасау керектігін түсіндіретін видео да кіріктілген. Сонымен қатар, қосымшаға жер сілкінісі, дауыл және тағы да басқа табиғи апаттар бойынша толық түсіндірілген нұсқаулар салыныпты.

Қосымшадан бүкіл әлем елдерінің төтенше жағдайға арналған байланыс телефон тізімдерін табуға болады. Сонымен қатар, сервисте Морзе әліппесіне автоматты аудармашы сервис кіріктірілген. Ол, мәселен, көмек көрсету өтінішін жазып, оны экранның жылтылдауы арқылы немесе аудиосигналдың көмегімен жібереді. 

Қосымшаның қарапайым нұсқасын App Store-дан тегін жүктеуге болады. Ал Премиум-нұсқаның құны 5 доллар.

МЕД-инфо

Бұл орыс тіліндегі ең жақсы медициналық қосымша. Дәрі-дәрмектердің қолданылуы мен жанама әсер ету эффектісі жайлы толық мағлұмат берілген.

Бағдарлама түрлі аурулар мен оларды емдеу жолдары жайлы ақпарат берген, тіпті диагностика қызметі де бұл қосымшада қарастырылған. Сонымен қатар, бағдарлама жақын арада орналасқан дәріханаларды, ауруханаларды, перзентханаларды, шипажайларды іздеп атба алады. 

Қосымшаны App Store-дан тегін жүктеуге болады.

Мобильді құтқарушы

Бұл әмбебап қосымша. Қосымшада үлкен қызыл батырманы басқан кезде таңдалған адамдарға бірден көмек көрсету өтініші SMS хабарламасын жолдауға мүмкіндік беретін қызмет бар. Сонымен бірге, қосымшада төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер мен алғашқы жәрдем көрсету жайлы шағын анықтамалар бар. Қосымшаның басты ерекшелігі ретінде оның жақын арада орналасқан полиция бөлімшелерін, өрт сөндіру қызметі және ауруханаларды іздеп таба алатындығын айтуға болады. 

Қосымшаны App Store мен Google Play-ден тегін жүктеуге болады. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: caid.ch, positivelygood.net

2067 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2013, 12:42
Пікірлер
+0
12 қыркүйек 2013, 12:54

Пайдалы ақпарат, рахмет!

+0
12 қыркүйек 2013, 14:28

Қазақтар да осындай пайдалы құралдарды шығарса жақсы болар еді, қазақ тілінде!

+0
12 қыркүйек 2013, 21:59

мен мынаның бірін білмейді екенбіз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...