Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Аяқ тырнақтары неліктен қатпарланады?

Аяқ тырнақтары неліктен қатпарланады?

Аяқ тырнақтары неліктен қатпарланады?

Біз бет, қол терісі, қолдағы тырнаққа көп күтім көрсетіп, аяқ тырнақтары жайлы мүлдем ұмытамыз. Алайда сау аяқ тырнақтары өзін күтетін арудың белгісі. Осы мәселеге қатысты ең үлкен қиындық аяқ саусақтарындағы тырнақтың қатпарлануы. Оның себептері неде?

Сапасыз косметика


Көп қыздар қол тырнақтарын салонда боятып, ең жақсы, сапалы лак түрлерін таңдайды. Ал аяққа өзіміз-ақ үйде, арзан, қалып қалған тырнақ бояуларын жаға саламыз. Шынын айтсақ, лак өшіретін сұйықтықтың да ең арзанын аяқ тырнақтарына қолданамыз. Аяқ саусақтарының тырнақтарын олай кемсіткенді қойып, қолға да, аяққа да сапалы қымбат лактар алуға аямаңыз. Себебі артынан тырнақтарды ретке келтіру үшін екі есе көп ақша жұмсауға мәжбүр боласыздар.

Тар әрі ыңғайлы емес аяқ киім

Көп арулар аяқ киім таңдағанда оның ыңғайлылығына емес, әдемілігіне қарайды. Бір-екі сағат биік өкшелі, үшкір басты тар туфлиде жүру қиын емес, алайда оның арты жаман болуы мүмкін. Тар аяқ киім тырнақ қатпарланып бөлінуінің басты себебі. Сондықтан барынша ыңғайлы, кең аяқ киім таңдаған абзал.

Тері аурулары

Аяқ саусақтарының тері аурулары ерлердің де, әйелдердің де арасында өте көп кездеседі. Қышып, қызарып, бөртіп мазалайтын бұл дерт тырнаққа да жұға алады. Айта кетсек, тері ауруларын кез келген қоғамдық жерде, аяқ киім шешкенде жұқтырып алуыңыз мүмкін (душ, монша, бассейн, сұлулық салоны). Уақытында емдемеген және дұрыс күтім көрсетпеген жағдайда тері қышымасы тырнаққа жұғып, оның түсін өзгертеді. Сарылау, мөлдір емес тырнақ аурудың бірінші белгісі. Уақыт өте тырнақ қабаттанып, қатпарланып түсе бастайды. Мұндай жағдайда дерматолог дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.

Қан айналымы

Қан айналымы саусақтарымыз үшін өте маңызды, себебі олар денеміздің ең соңында орналасқан. Егер сіздің қан айналымыңыз бұзылған болса, тырнақ астындағы теріге қажетті қан жетпей, тырнақ дұрыс қорегін алмайды. Бұл түрлі себептермен түсіндірілуі мүмкін. Әсіресе бұл қиындыққа жұмысында көп отыратын, көп қимылдамайтын жандар шалдығады. Профилактика ретінде күнделікті жаттығулар жасаған дұрыс. Мысалы мына жаттығуды орындап көрінңіз. Аяқ саусақтарын өзіңізге қарай бір рет қатты тартып, осы қалыпта 20 секунд қимылдамаңыз. Артынан саусақтарды кері қарай тартып, дәл солай қатып қалыңыз. Бұндай оңай жаттығуларды кез келген жерде отырып орындауға болады.

Тырнақты дұрыс емес алу және егеу

Аяқ тырнақтарының маңындағы теріні жарақаттап алмау үшін, тырнақтарды дұрыс қиып, оған дұрыс пішін беру керек. Аяқ саусақтарының тырнақтарын дөңгелетпеген дұрыс, оларды тік етіп алыңыз. Осылайша өскенде олар теріні зақымдамайды. Тырнақтарды түбіне дейін емес, кішкене қалдырып алыңыз. Әрине таза және өткір қайшы мен егеуіш қолдану керек. 

Мүмкіндігінше металлдан жасалған егеуішті қолданбаңыз. Ең дұрысы керамикалық және шыны егеуіштер. Олар металл егеуішке қарағанда тырнақты жұмсағырақ егейді. Бұл да тырнақты сау сақтауға көмектеседі.

Дұрыс емес тамақтану

Диеталарға жиі жүгіну, дұрыс емес рацион бүкіл ағза денсаулығына, соның ішінде тырнақ саулығына да зиян болады. Дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі тырнақ, шаш, тіс, теріде қатты байқалады.

Тырнақтарға қажет заттар

Сонымен, тырнақтарыңыз сау болуы үшін қандай дәрумендер қажет? Ең біріншіден бүкіл ағзаның кірпіштері болатын ақуыз жайлы айтайық. Адамға 1 келі салмаққа 1 грамм ақуыз қажет. Ақуыз көптеп балықта, етте және жұмыртқаларда бар.

Тырнақтардың саулығы кальций мен магний элементтеріне байланысты. Дұрыс емес рационмен тамақтанғанда бұл элементтер ағзадан тез арада шығып кетеді. Сондықтан олар күнделікті тағамыңызда болуы керек. Магнийдың күнделікті қажет шамасы 300 мг. Кальций мен магний элементтері ағзамен дұрыс қабылдануы үшін ағзаға Д дәрумені қажет. Егер тағамыңызда бұл элементтер жеткіліксіз болса, оны арнайы дәрі ретінде қабылдағау дұрыс. 

Тырнақтың қабаттануының тағы да бір себебі кремний элементінің жетіспеушілігі. Ол банан, фасоль, ақжелкен, көк шөпте көп болады. 

Тырнақтар ағзада темірдің аздығынан да қатпарлануы мүмкін. Әсіресе бұл қыз балаларда қатты байқалады. Тамаққа жұмыртқа сарысын, бұршақ, ет, көк шөп қосыңыз.

Тырнақ қатпарлануын емдеу жайлы әлі де жазатын боламыз, әзірге осы кеңестеріміз керегіңізге жарар деген үміттеміз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: makeupandbeauty.comufa.strana-krasoty.ru, journalofwoman.ru

8096 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 10 қыркүйек 2013, 10:31
Пікірлер
+0
10 қыркүйек 2013, 12:24

аяққа да күтім керек қой. Мен лактап, егемеймін тек тазалап тырнағын алып қоям. Ал аяқ киім таңдауым онша ыңғайлы болмай жүр ((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...