Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Темекі тартсаңыз, заңды біліңіз!

Темекі тартсаңыз, заңды біліңіз!

Темекі тартсаңыз, заңды біліңіз!

Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы, ішкі істер министрлігі ұлттық «темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» одағымен бірігіп, тәулік бойы жұмыс жасайтын «SkunsCamera» қызмет көрсету желілерін іске қосты, деп хабарлайды sim.kz. Оның көмегімен қала тұрғындары мен оның қонақтары таза ауаны ластаушылардың үстінен 302-83-83 нөмірі арқылы шағым түсіре алады.

Мұнымен қатар, шағымдар www.skuns.kz сайтында тіркеледі. Осы арқылы полиция қызметкерлері айыппұл мөлшерін тағайындайды. Ал шағым түсірушілердің аты-жөні тіркелмейді.

Желінің іске қосылуы қоғамдық орындарда қорқор мен темекіні шамадан тыс пайдаланумен тікелей байланысты.

Жоғарыдағы одақтың айтуынша, 10 қоғамдық орынның 8-і шылым шегуге байланысты тәртіпті бұзады. Тексерілген 4 ауданның ішінен ең көп шылым шегетіндер Медеу мен Алмалы аудандары екендері анықталды. Бұдан өзге тексеріс нәтижелері қорқорды шегетіндер жастар мен мектеп оқушылары екендігін көрсетті.

Тәртіпті бірнеше рет бұзғандарға «SkunsCamera» логотипі бар "сыйақы" берілетін болады. Осы уақытта одақтың қара тізіміне 100-ге жуық мекеме тіркеліп үлгерген. Алдыңғы қатарға «АВ – Cafeteria», «Бочонок»,  «Ассорти», Vertolet, «Теплица» мейрамханалар желісі және «XO», Skybar жайғасты. 

Ұйымдастырушылар шағымдарға жауап беру қызметіне І топ мүгедектерін тағайындауда (олар өз қызметтерін үйде отырып атқара алады).

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: yvision.kz

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 29 тамыз 2013, 16:10
Пікірлер
+0
29 тамыз 2013, 16:03

Аулада темекі тартып, ашық тұрған терезе арқылы түнімен темекі түтінімен демалуға мәжбүрлейтіндер ше? :x

+0
29 тамыз 2013, 16:46

Ол туралы мәліметтерді толығырақ 302-83-83 нөміріне хабарласып білсеңіздер болады

+0
29 тамыз 2013, 17:08

Қойып кеткенім қандай жақсы болған :D

+0
29 тамыз 2013, 17:08

Қорқор деген кальян ба? Кальян зиян емес қой?

+0
29 тамыз 2013, 17:36

Әрине, зиян. Ол туралы видеолар вк-да толып жатыр. басқа қалаларда қалай екенін білмеймін, Ақтауда барлық халал кафелерде кальян сатылмайтын болды, демек ол шариғатқа қайшы. Ал шариғатта қайшы деп танылған нәрсенің барлығы денсаулыққа зиян.

+0
29 тамыз 2013, 17:43

жөн екен. енді біліп жүретін болым. рақмет ;)

+0
30 тамыз 2013, 14:05

АЛ ӘЖЕТХАНАДА ТЕМЕКІ ТАРТАТЫНДАРДЫ ПАРА АЛМАЙ

+0
30 тамыз 2013, 14:05

БІРДЕН ЖАЗАЛАУ КЕРЕК :lol: :roll: :x

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.