Дәрі-дәрмекті электронды пошта арқылы жіберетін болдық

Дәрі-дәрмекті электронды пошта арқылы жіберетін болдық

Болашақта ауада қалқып жүрген вирустардың түр-түрін көз алдыларыңызға елестетіп көріңіздерші. Ондай жағдайда індеттің алдын алу үшін ғалымдар жылдам вакцина ойлап табуға тиіс болады. Технологияның дамығанына қарамастан дәрі-дәрмек дер кезінде жеткізілмейді. Ал егер вакцинаны электронды пошта арқылы жіберсе не болады?

"Celera Genomics" компаниясының негізін қалаушы Крейг Вентер мен бір топ ғалымдар осы мәселені қолға алуда. Осы уақытта ғалым вакциналарды «телепартациялау» мәселесімен айналысуда. Бұл жұмыс істеуі 3D принтеріне ұқсас «биологиялық принтер» арқылы жасалатын болады. Ғалымдар биологиялық молекулаларды компьютерге түсінікті сандарға көшіріп, интернет желісі арқылы жіберу мүмкіндігін тапты.

Вентер өзінің жетістіктері жайында WIRED конференциясында «Біз күн сәулесі секілді жылдамдықпен ақуыздар мен вирустарды, адамдардың жасушаларын тасымалдайтын жол таптық» деп жариялады.

«Өмірді сақтап қалушы биологиялық принтер» сынақтан өтуде. Құрылғы тексеруден сүрінбей өтсе, денсаулық сақтау жүйесіндегі ең озық технология болады.  

Таңғажайып мүмкіншіліктеріне қарамастан, құрылғының кемшіліктері де бар. Молекуланы құрылымдау мінсіздікті талап ететін жұмыс. Сол себептен де биопринтерлер күнделікті тұрмыста қолдануға берілмеуі мүмкін. Берілген күнде бұзақылардың үйде отырып биологиялық қару-жарақтар мен анашаның түр-түрін жасап алмасына кім кепіл?

Қаржы және құрылғыға кімдер ие бола алады деген мәселелер қарастырылуда. "Мұндай қауіпті де қажетті құралды мемлекет өз қарамағында ұстағаны дұрыс" деген пікірмен көпшілік ғалымдар келісіп отыр.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: 3-d.info.ru

Қ. Бүйенбай