Салқындатқыштан сақтаныңыз!

Салқындатқыштан сақтаныңыз!

Қаламызда жаз мезгілі салтанат құрғалы салқындатқыштардың саудасы жүріп-ақ тұр. Бүгіндері  үйімізде де, кеңсемізде де, тіпті қоғамдық басқа орындарда да салқындатқыштар қосулы. Мұндай құрылғы автокөліктерде де жоқ емес. Салқындатқыштар – өзіңді қалыпты температурада қолайлы сезіну үшін таптырмайтын құрылғы. Әйткенмен соңғы кездері БАҚ өкілдері салқындатқыштардың пайдасынан зияны көбірек екендінін айтып, жар салуда. Салқындатқыштан келген зиян емделмейтін аурудың жаршысына да айналуы әбден мүмкін дейді кейбірі. Бірақ бұл қорқынышты мәліметке келгенде ауыздарын аша алмай қалатын медицина ғылымдарының ғалымдары не болса да, салқындатқыштан зиянның көп екендігіне сенімді.

Салқындатқыш ауасының әр жүйесі мейлінше көп сүзгілермен жабдықталған. Мәселе – осында. Олардың бірі өзіне қарай шаң жинаса, енді бірі бөлмені жағымсыз иістен тазартады. Әйткенмен әр сүзгінің зиянды заттарды сіңіріп тұратын маңы болады.  Сол орын зиянды заттар мен шаңға толған уақытта салқындатқыш өз жұмысын тоқтатқаны былай тұрсын, өзіне жинаған зиян заттарды ауаға қарай қайта шығара бастайды. Бұл көбіне салқындатқыш мүлдем істен шыққанда, яғни ғимарат қайтадан ыса бастағанда болады. Онымен қоса, қыстыгүні істен шыққан жылытқыш та осы күйді кешеді. Мұндай «ауру» салқындатқыштан қайтқан ауа адамды да ауру қылып тынады. Бұл жағдай басыңыздан өтпеу үшін салқындатқышты осы күйіне жеткізбестен сүзгісіндегі зиянды заттар мен шаң жиналатын орынды тазалап, не ондағы құрылғысын ауыстырып отыру керек. Қайта тазартылған сүзгімен оңай салқындатқышты қайта жұмыс жасатуға болмайды. Кейбір салқындатқыш иелері мұндай жағдай бола қалса, құрылғыны «өлдіге» санап, бірден қоқысқа тастауға асығады. Оны қайта тазалап, қалпына келтіруге болады. Тек ұзақ уақыт ішінде салқындатқыш зиянды заттарын қайта сыртқа шығарып үлгергенін күтіп текке жата бермеңіз. Бұзылса, бірден ішін тазалап алыңыз.

Қарапайым салқындатқыштар қалай жұмыс жасайды?

Салқындатқыштар да тоңазытқыштардың қызметін атқарады. Оларда екеуіне ортақ екі бөлік болады: радиатормен және даусы шықпайтын желдеткішпен жұмыс жасайтын «мұздатқышы» бар үйге арналған бөлігі және ауа сығымдағышпен және жылу алмастырғыш радиатормен (салқындатуды тездететін желдеткіш) жұмыс жасайтын көшеге арналған бөлігі.

Салқындатқыштың екі бөлімі пенополиуретанда екі түтікпен жалғасқан. Осы түтіктер арқылы ыстықты әкетіп, салқын ауаны әкеліп тұратын хладоген арлы-берлі жүгіріп жүреді. Жүйеде ешқандай да ауалар жиынтығы не ауаны бұрғыштар жоқ. Ғимаратты тек терезе салқындатқыштары немесе мобильді салқындатқыштар ғана желдете алады.

Қарапайым салқындатқыштар былай жұмыс жасайды: блоктың жоғарғы жағындағы бөлігі бөлмедегі ыстық ауаны соратын құрылғыда орналасқан. Ал блоктың төменгі жағында радиаторға арналған перде орналасқан. Ол жерден салқын ауа беріледі.

Салқындатылған ауа немесе денсаулық

Салқындатқыштың зияны мынада: ауалар қоспасы салқындату жүйесі арқылы қуылып отырады. Бірақ салқындатқыштың нұсқауылығы бойынша, оны іске қосарда ғимарат тез салқындау үшін есік пен терезені жауып тастау керек. Демек мұндай жағдайда ғимаратта өте көп мөлшерде ауру шақыратын микробтар шоғырланып алады. Одан кейін дұрыс істемей тұрған салқындатқыштың кесірінен бас ауруы, суық тию сияқты басқа да жұқпалы аурулар шыға бастайды. Әрине, салқындатқыш қосулы тұрғанда дем алу жайлы. Бірақ бұл ауаның тазарып қалғандығынан емес. Мәселе – салқындату кезінде ауаның тығыздығының артуында. Сондықтан ол ауа төменге тұнып қалып, ыстық ауа жоғарыдан шығады. Демек ауаның көлемінде оттегінің молекулаларының саны артады.

Кез келген салқындатқыш ауаны кептіреді. Ал құрғақ ауада оттегі ылғалды ауаға қарағанда тез сіңеді. Оттегінің ылғалды ауада шоғырлануынан зиянды газдардың саны артады. Мұның бәрі де салқындатқыштан ары болудың дәлелдері. Салқындатқыш қатты ыстық ауаға қолданылғаны жөн. Кейбір ғимараттарда ол текке қосулы тұрады. Кейбірінің беріп жатқан салқын ауасынан гөрі тигізіп жатқан зияны көп. Біраз ғимаратта ол тіпті бұзылған күйі тұр. Ал бұзылған салқындатқыштың да зияны шаш етектен келетіндігі жайлы жоғарыда айтқанбыз. Ал ендігі таңдау өзіңізде: денсаулықтың саулығы керек пе, әлде салқын ауа керек пе?..

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: climatist.ru

А. Әбілхан