Арықтауға арналған сусындар

Арықтауға арналған сусындар

Арықтау үшін диета ұстанып, жаттығулар жасайсыз. Бұл жолда сізге тағы не көмекке келе алады? Арықтауға арналған сусындар жайлы көбірек білейік. 

Лимонды су  

Арықтау үшін күнделікті 1,5-2 литр су ішу керек деген ережені білетін шығарсыз. Алайда мұнша көп таза суды ішуге дағдыланбаған ағзаға бұл қиын бола алады. Қарапайым суды лимон қосылған сумен алмастырсаңыз, сіз күнделікті су мөлшерін ішіп, ағзадағы зат алмасу процестерін тездетесіз. Сонымен қатар лимонды су шөлді жақсы қандырады, ол жылдың ыстық мезгілдерінде пайдалы болмақ. 

Лимонды сусынды дайындаудың бірнеше қарапайым жолы бар: 

1. Лимон кесегін қайнаған суға қосып, 10-15 минут күтіңіз (1 кесек 1 стақанға).  

2. Жарты лимоннан сығылған шырынды бір стақан жылы суға құйып, бір шай қасық бал қосыңыз. Бұл лимонды сусынды ұйқы алдында ішкен өте пайдалы.

3. Жасыл шайға лимон шырыны мен алма сірке суын (бір шай қасық) қосыңыз. Бұл шайді күніне 3 реттен жиі ішуге болмайды. 

Лимонды су көмегімен арықтау ережелері: 

Арықтағысы келетіндер лимонды суды күнделікті таңертең аш қарынға және ұйқыға 1-2 сағат қалғанда ішсін. Әрине жалғыз лимонды суда арықтап кету мүмкін емес. Жалпы рационыңызға көңіл бөліңіз: тәтті, майлы, тым тұзды, қуырылған тағамдардан бас тартып жазда пайда болған көкөністер мен жемістерді көптеп жеңіз. 

Айта кетсек, бұндай лимонды сусын ішкеннен кейін ауызыңызды таза сумен шайған дұрыс. Себебі лимон шырыны тістің эмалін бұза алады. 

Сондай-ақ асқазаны, ас қорыту жүйесінің қиындықтары бар адамдар лимонды тым көп қабылдамағаны дұрыс. 

Даршын мен бал  

Арықтауға көмектесетін тағы да бір "сиқырлы" сусын құрамына бәліштерге қосатын дәмдеуіш – даршын мен бал кіреді. Даршын мен балдың қосындысы майдың ағзада қалмай, толықтай шығуын қамтамасыз етеді.             


Сусынды кешке, ұйықтар алдында әзірлеген дұрыс. Жарты шай қасық даршын мен 1 шай қасық бал алыңыз. Даршын мен балдың қатынасы 1:2 қатынасындай болуы қажет. Даршынды бір стақан қайнап тұрған суда ерітеміз. Енді судың суығанын күтіңіз. Суыған даршын қосылған суға балды қосып, жақсылап араластырамыз. Балдың пайдалы қасиеттері өте ыстық суда құртылады. Сондықтан суды бөлме температурасына дейін суытқан дұрыс. Дайын болған сусынды екіге бөліп, біреуін кешке, екіншісін ертең таңертең ішіңіз. Сусынды тоңазытқышта сақтаңыз. 

Сусын барынша әсерлі болуы үшін оны таңертең аш қарынға, таңғы асқа дейін ішкен дұрыс. Лимонды суды сияқты бұл сусынды да кешке ұйықтар алдында да ішуге болады. 

Даршын мен бал қосылған сусын адам ағзасын артық бактерия, паразиттерден тазартады. Сондықтан бұл сусынды қабылдап дереу арықтайсыз, алайда арықтау бірден тоқтап қалады. Оған физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануды қосып, арықтауды жалғастыра аласыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: diary.ru, zdorovie.com, pravda-tv.ru

С. А