- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жұмыртқаның құрамы...
Жұмыртқаның құрамы
Адамдар жұмыртқаны жылдар бойы қолданып келеді. Сөйлей білмеген ата-бабаларымыздың қолданғаны да анық. Және бекер емес, бастысы онда ағзамызға пайдалы заттар бар.
Өзіміз білетіндей жұмыртқа ақуыз бен сары уыздан тұрады. Жұмыртқаның ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы ақуыз. Ал сары уыз ағзаға еш зияны жоқ қаныққан майлардан тұрады. Жалпы алғанда, жұмыртқа құрылымы 13% ақуыздан, соншалықты мөлшерде майдан, 0,67% көмірсудан құралған. Мұнымен қатар, жұмыртқаның құрамына лецитин атты пайдалы зат кіреді. Ол жүйке мен ми жабындысына қажет. Жұмыртқадағы лецитиннің мөлшері сары май, сүт, тіпті, уылдырықтан да асып түседі. Құрамында көп дәрумендер бар, әсіресе А дәрумені. Адам ағзасына бұл дәрумендердің өте жақсы сіңірілуіне байланысты алғашқы орындардың бірін иеленеді.
Жұмыртқаларды 1-2 градуста, ащы иісі бар азық-түліктен аулақ сақтаған жөн. Тоңазытқышқа салмас бұрын сыртын ылғал, лас нәрселерден тазартып барып салсаңыз, ұзақ сақтауға қолайлы болады.
Кейбір ғалымдар күнде жұмыртқа жеу зиян десе, басқа ғалымдар мұны теріс дейді. Жұмыртқа аминқышқылдарында үйлестірілген протеиндер бар, ол спортпен айналысатын адамдар үшін маңызды. Өт қабы ауыратын адамдардың жұмыртқаны жемегені дұрыс. Ал қалғандары күнделікті асып та, қуырып та, омлет ретінде де, шикідей де қолдануына болады.
Дайындаған: Бүйенбай Қарлыға
Сурет: vk.com
Қ. Бүйенбай