Бүйректің зақымдалуынан сақтаныңыз

Бүйректің зақымдалуынан сақтаныңыз

Көптеген аурулар адамның өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен болады. Ерлер бүйрегінің әлсіреуі де осының ішінде. Әсіресе төмендегі бірнеше ұнамсыз тұрмыс әдеттері мен селқостығы ерлердің бүйрегіне зақым жеткізетін ең негізгі себеп болмақ.

***

Ауруды басатын дәрілерді көп тұтыну.

Кейбір қабынуды қайтарып, ауруды басатын дәрілерді ұзақ уақыт тұтыну немесе көп мөлшерде тұтынудың бүйрекке залалы аса аур. Мысалы, бас ауруды басатын дәрі, қабынуды қайтаратын дәрі қатарлылар. Бұлар бүйректің сүзу қызметіне ауыртпалық түсіріп, бүйрекке зақым жеткізеді.

***

Шөп дәрілерді қалыптан тыс көп тұтыну.

Клиникалық зерттеулер көкнәр сауыты, елші шөп қатарлы шөп дәрілердің бүйректі оңай зақымдайтындығын байқаған. Бұлардың ішіндегі көкнар сауыты қатарлылардың бүйрекке зақымы тым аур.

***

Суық ішімдіктерді көп мөлшерде тұтыну.

Жеңіл ішімдіктер мен спирттік ішімдіктерді артық мөлшерде ішу бүйректі жанамалай зақымдайды. Адам денесінің қышқыл-негіздік дәрежесі 7.2 болатыны белгілі. Ал жеңіл ішімдіктер мен спирттік ішімдіктер жалпы беттік жоғары қышқылдық сипатта болатындықтан, тұтынғаннан кейін денедегі қышқылдық тепе-теңдік көрнекті түрде өзгеріске жолығады. Бұл бүйректің қалыпты қызметіне ауыр дәрежеде зақым жеткізетін жағдай.

***

Балкүлше секілді тағамдарда бром қышқылды калий аталатын қоспа болатындықтан, жегенде тіске жұмсақ келеді. Мұндай тағамдарды ұзақ уақыт тұтынғанда орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйелерінің қызметі, бүйректің қанды сүзу-реттеу қызметіне ықпал етуден, бүйректің әлсіздігіне әкеліп соғады.

***

Қалыптан тыс тойына тамақтану.

Қазіргі қоғамда адамдар арасында барыс-келістің жиілеуі мен қоғам дамуына ілесе адамдардың қонақасыға бару орайы көбейіп, үнемі дәмді тағамдарға сіреп тою әдетке айналып барады. Бұл организмнің ас қорыту қызметін ауырлатып, адам ағзасының қалыпты қызметіне шамадан тыс жүк түсіреді. Бара-бара дене салмағы артып, әроргандардың қызмет қуатының артық сарп болуын тудырады. Адам денесіндегі керексіз заттардың көп сандысы бүйрек арқылы ығыстырылатындықтан, қалыптан тыс тойына тамақтану бүйрекке күш түсіретіні анық.

***

Арақтың артынан шәй ішу.

Кейбіреулер арақ ішкеннен кейін, шәй ішу мастықтан айықтырады деп қарайды. Шын мәнісінде бұлай істеу мүлде өнімсіз болуымен бірге бүйректі ауыр дәрежеде зақымдайды. Мамандар шәй жапырағындағы шәй негізі бүйрекке біршама тез әсер ету арқылы несеп айдау рөлін атқаратындықтан, осы кезде спирт қайталай ыдырауға үлгермей бүйректен ығыстырып, бүйректің кейбір әлсіз жүйелерін жансыздандырады. Сонымен бүйрек зақымдалады екен.

***

Тұзды азықты тұтыну.

Азықтардың құрамындағы тұз мөлшерінің аса жоғары болуы қан қысымын жоғарылатады. Жүрек пен бүйрек қанның қалыпты айналымын сақтамауынан бүйрек түрліше созылмалы ауруларға жолығуы әбден мүмкін.

***

Суды аз ішу.

Адам егер ұзақ уақыт су ішпесе, денеде несеп мөлшері азаяды. Несептегі керексіз заттар мен улы заттардың қоюлығы артады. Клиникада үнемі кездесетін бүйрекке тас байлану, бүйрекке су жиналу қатарлылардың барлығы ұзақ уақыт сусызданудың кесірінен туындайды.

***

Бұдан сырт бүйректі зақымдайтын қалыпсыз тұрмыс әдеттері көп. Мұның ішінде үнемі дәретке қысылудың да зардабы тым ауыр. Сондықтан әр іс өз уақытымен, өз кезегімен қалыпты өткені жөн. Сондықтан ең басты байлық денсаулық екенін ұмытпағанымыз жөн. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: qwesa.ru

Қ. Қауымбек