Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Іш массажы

Іш массажы

Арықтаудың оңай жолдарының бірі, соңғы кезде танымалдыққа ие болған іш массажы жайлы біраз айта отырып, оның дұрыс жасалу жолын үйренейік.

Іш массажы толықтай артық салмақтан арылу жолы бола алмайды, алайда дұрыс тамақтану, спортпен шұғылданумен қатар, осындай массаж жасауды әдетке айналдырсаңыз, іш бұлшық еттері шымырлай түсіп, күшіңіз бекер кетпей, арықтау процесі тезірек бола алады. Сондай-ақ арықтағаннан терінің салбырап кетпеуін қадағалайды.

Іш массажын бастамас бұрын, суға түсіп, теріңізді скрабпен тазалап, жібітіңіз. Арнайы массаж щеткасын қолданған дұрыс. 5 минут бойы ішіңізді жүрекке қарай айналдыра массаж жасаңыз. Теріңіз шамалы қызаруы керек. Артынан ішіңізді жылы және салқын сумен қатарлап шайыңыз.

Енді массаждың өзін бастауға болады. 

Маңызды! Қолыңыз жылы болуы керек.

Дауа үшін денеге арналған крем не лосьон, май қолданыңыз. Ішті жүрекке қарай бағыттап уқалаймыз. Ішті қатты басып, ауыратындай қимылдар жасамаңыз. Массаж жасау жеңіл болуы үшін ішті жұдырықпен уқалаған жөн.

Алақанды жайып, бірге қосылған саусақтармен жасалған массаждың да әсері жақсы. Массаж барысында ішті қатты баспауға тырысыңыз.

Бал массажы


2 шай қасық табиғи балға бірнеше тамшы кез келген эфирлі май қосыңыз. Балды алақаныңызбен ысқылап, ішіңізді шапалақтап қойыңыз. Дауа барысында бал қоюлана түсіп, қол мен ішіңізге жабысады. Осылайша вакуум әсері орын алып, массажды одан әрі әсерлі қылады. Бал ағара бастаған сәтте, теріңізден зиянды заттар бөлінгенін біліңіз. Оны жылы сумен сүртіп, қайта бал жағып, массажды жалғастырыңыз. Бұл дауаға 20 минут жарап жатыр. 

Бал массажы өте нәтижелі болып саналады, одан кейін жылы суға түсіп, дем алыңыз.

Білген абзал!

Кез келген массаж кезінде қатты ысқылау мен нәзік уқалауларды кезек-кезек істеуге тырысыңыз. Массаждың әсерін көбейту үшін, құрамында табиғи шөптер мен эфир майлары бар кремдер қолданыңыз. Ең нәтижелі кремдер – құрамында грейпфрут, апельсин, лимон, жалбыз, түймедағы бар түрлері. Теріңізге крем не май жағып, ол аяғына дейін теріге сіңгенше массажды жалғастырыңыз.

Деніңіз сау болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: babsait.ru

11327 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 23 сәуір 2013, 18:16
Пікірлер
+0
23 сәуір 2013, 19:01

Жасап көрмесем

+0
23 сәуір 2013, 21:44

Жақсы ақпар екен,байқап көру керек сияқты...

+0
23 сәуір 2013, 22:06

:D :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
23 сәуір 2013, 23:20

бал массажын жасап көргем...

+0
24 мамыр 2013, 19:13

жасап көру керек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...