Тәттіден бас тартам десеңіз...

Тәттіден бас тартам десеңіз...

Тәттіге құмарлығыңыз соншалықты, одан бас тарту мүмкін емес деп ойлайсыз ба? Қант – көмірсулардың кішігірім бөлігі. Оны басқа, көмірсулары мол тағамдармен алмастырып, тәтті, бірақ, зиянсыз түрлерін біле отырып, қант пен пайдасы жоқ тәттілерден бас тартып үйренейік.

Көмірсу  адам ағзасына қажет, күш-қуат беретін қосылыс. Алайда олардың арасынан пайдалы түрлерін таңдап тамақтанған дұрыс.

Картоп, нан, дәнді дақылдар сияқты басқа да көмірсуларға бай тағамдарды көбейтсеңіз, қантқа деген қажеттілігіңіз кемиді. Ал қантты тәтті, бірақ зиянсыз тағамдармен ауыстырып көрейік.

Тәттілердің арасында көмірсуға бай келесі тағамдарды жеуге болады: бал, шоколад, тәтті жемістер (банан, жүзім, тәтті алма, киви, құлпынай, мандарин, апельсин, ананас, алмұрт, қарбыз бен қауын).

Шығыс тәттілері де қарапайым қант пен кәмпиттерге әуестіктен емдей алады. Қалуа микроэлементтерге, зефир коллагенге бай.

Қанттан мүлдем бас тарту сіз үшін қиын болса, өзіңізге күнделікті бір шай қасық қант қосылған шәй не кофеге рұқсат беріңіз.

Қант тәттісіне әбден үйренген жандарға қант алмастырғыштарды рационына қосуға болады. Қант диабетіне шалдыққандарға арнайы жасалған қант алмастырғышы сізге де көмектесе алады. 

Тәттілердің арасында ең зияндары – тәтті бәліштер, кремделген торттар. Бұндай тіскебасар жеген кезде сіз көмірсулармен бірге, майды көптеп қабылдайсыз. Осының нәтижесі артық салмақ, тәттіге құмарлық. Тәтті бәліштерді өзіңіз пісіруге тырысыңыз, қантын азырақ, кремсіз жасаңыз.

Тәтті кәмпит жегіңіз келсе, қуырылған қанттан әзірленетін карамель емес, шоколад таңдаңыз. Қойытылған сүтті салындысы бар кәмпиттерден мүлдем бас тартыңыз.

Бұл "зиянсыз" тәттілерді де шамалап қабылдаған дұрыс. Өзіңізге тәттіні жеуге рұқсат мөлшер қойып, сонымен шектелуге тырысыңыз. 

Шоколад кесегі – айына бір рет;

Қант қосылған кофе не шәй – күніне бір рет;

Шоколад кәмпиттері – 2 аптада 1-2 кәмпит;

Бал – күнделікті 1-2 шәй қасық;

Бәліш, торт – үлкен мереклерде ғана бір кішкентай кесек;

Тәтті жемістер – қалауыңызша.

Деніңіз сау болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: menshealth.co.uk

С. А