Tesla, Google, Amazon: әлемдегі ең дәулетті адамдар аталды

Bloomberg агенттігі миллиардерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімнің көшін Илон Маск бастады. Ал сән-салтанат тауарлары саласындағы француз миллиардері Бернар Арно алғашқы ондықтан шығып, 11-орынға сырғыды. Оның орнына ТОП-10-ға 96 жастағы инвестор Уоррен Баффет енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл әлемдегі ең бай он адамның барлығы - АҚШ азаматтары. Былтыр алғашқы ондықтағы жалғыз америкалық емес кәсіпкер Бернар Арно болса, биыл оның орнын Уоррен Баффет басты.

Миллиардерлер индексіндегі үздік ондық келесідей:

1-орын. Илон Маск (Tesla компаниясы), дәулеті 918,8 миллиард доллар.

2-орын. Ларри Пейдж (Google іздеу жүйесінің негізін қалаушы), дәулеті 286 миллиард доллар.

3-орын. Джефф Безос (Amazon компаниясының негізін қалаушы), дәулеті 274 миллиард доллар.

4-орын. Сергей Брин (Google іздеу жүйесінің негізін қалаушы), дәулеті 266 миллиард доллар.

5-орын. Майкл Делл (Dell Technologies компаниясының басшысы), дәулеті 245 миллиард доллар.

6-орын. Марк Цукерберг (Meta* компаниясының тең құрылтайшысы), дәулеті 229 миллиард доллар.

7-орын. Ларри Эллисон (Oracle компаниясының тең құрылтайшысы), дәулеті 208 миллиард доллар.

8-орын. Дженсен Хуанг (Nvidia компаниясының бас атқарушы директоры), дәулеті 181 миллиард доллар.

9-орын. Стив Баллмер (Microsoft-тың бұрынғы бас директоры және «Лос-Анджелес Клипперс» баскетбол клубының иесі), дәулеті 172 миллиард доллар.

10-орын. Уоррен Баффет (инвестор), дәулеті 144 миллиард доллар.

Бұл қандай рейтинг?

Bloomberg миллиардерлер индексі - әлемдегі ең бай адамдардың күнделікті рейтингі. Ол 2012 жылы іске қосылған. Индекс күн сайын Нью-Йорктегі сауда-саттық жабылған кезде жаңартылып отырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!