- Негізгі бет
- LifeStyle
- RaiM алаяқтардың құрбаны...
RaiM алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлады
Фото:
instagram.com/raimusican/
Танымал әнші, Ерке Есмаханның күйеуі RaiM әлеуметтік желідегі алаяқтар оның атынан әрекет етіп жатқанын айтып, тыңдармандарын сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
"Менде Tik tok қосымшасы және Tik tok-тың ресми аккаунты жоқ. Менің атымнан сурет, видео салатын немесе менің атымнан сөйлеп, жауап беріп жүрген адамдарға сенбеңіздер. RaiM деген парақшалардың ешқайсысына менің қатысым жоқ", - деп жазды ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева