16 жасынан бастап кәсіппен айналысып келе жатқан Үміт Ырысбекқызының бүгінде бірнеше жобасы бар. Бірнеше рет қарызға кіріп, бір жылда үлкен сомаға айналымға шыққан кәсіпкермен ниша таңдап, табысты болудың құпиясы туралы Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.
"Алғашқы миллионымды 3-курста таптым"
Үміт Ырысбекқызы - Қытайдың қазағы. Сол жақта 11-сыныпқа дейін қытай тілінде оқыған.
@umit_993 Оптовый балалар магазининімде 1 аптада қанша касса жасаймын? Видеоны соңына дейін қарап, мен 1 аптада общий қанша касса жасайтынымды комментарийге жазыңыз. Күннің соңында кез келген 1 адамға Botahan Kids дүкенімнен сыйлық сыйлаймын. #бизнес #детскаяодежда #товарныйбизнес #товарка #китай #обучение #рекомендации #рек ♬ оригинальный звук - @Umit
"Әкемнің айтуымен әпкем екеуміз 16 жасымда Қазақстанға келдік. Келгенде бір ауыз қазақша әріп, жазуды білмедім. Шетелден келген қазақтарға арналған алдын ала дайындық бөлімінде оқыдым. Үш ай бойы 3-4 сағат ұйқымен кешенді тестілеуге дайындалдым. Нәтижесінде, жақсы балл жинап, С.Аманжолов университетінің физика-математика факультетіне грантқа оқуға түстім", - деді ол.
Отбасында бір үйдің бес қызы да кәсіпкерлікпен айналысады.
"Барлығымыздың осы жолға келуімізге әкем себепші болды. Ол егістікте қызыл гүл деп аталатын емдік шөп түрін бізге тергізіп, ақша төлеп, кері сатып алатын.
Қазақстанға кетерде әкем көтерме сауда базарына апарып, 500 мың теңгеге тауар алып беріп, 100 мың теңгені қолымызға ұстатты. "Осы 100 мың теңгемен жетесің, 500 мыңның тауарын сатсаң, 1 миллион теңге болады, ал сатпасаң осы тауардың әрқайсысын бір нанға ауыстырып жейсің" деді. Әпкем екеуміз өзіміз секілді қыздардың киімдерін сатып алғанбыз. Сөйтіп, күндіз оқуға барып, кешкісін тауар саттық. Алғашқы 1 миллионымды 3-курста таптым. Түскен ақшаммен білімімді толықтырып, косметологтың оқуын оқыдым. Алғашқы жұмысымды содан бастадым", - деді кәсіпкер.
"Бір жылда 17 миллион қарызға кірдік"
Үміт оқу бітірген соң тұрмысқа шыққан. Кәсіппен айналысуы да осы кезде басталған.
"24 жасымда 5000 адам тұратын Өскемен қаласының жанындағы Георгиевка ауылына тұрмысқа шықтым. Енем саудада болған адам. Келін боп түскеннен соң енем "шаршадым, өздерің жүргізіңдер" деп ыдыс сататын дүкенін күйеуім екеумізге берді. Дүкеннің бір жағын косметолог кабинеті, бір жағын ыдыс дүкені етіп жасап, білмейтін саланы жүргізе бастадық. Күйеуім ыдыс жағында, мен косметолог болып адамдарды қабылдап жүрдім", - деді ол.
Жолдасы екеуі бір жылда кәсіпті 5 миллион теңге минусқа жіберген.
"Енемнің жақсы жүріп тұрған кәсібін бір жылда минусқа жібердік. Одан кейін той үшін, т.б. шаруашылық үшін алған, бәрін есептегенде бір жылда 17 миллион қарызға кірдік. Ыдысты мүлдем сата алмайтынмын. Тырысамын, бәрін жасаймын, бірақ болмады. Ал 40 минут косметологиядан қабылдауыма келген адамдарға сөйлесіп отырып, тауарларды сатып жіберетінмін. Жеке табысым ыдыс дүкеннің табысымен бірдей болып тұрды.
Жалпы ыдыс дүкенінде негізі 50 миллион теңгенің айналымы болған еді. Ол кезде таза пайда дегенді білмейміз. Базарға дүкенге зат алуға барғанда енем бір тауар тапсырса, мен соны іздеп көп уақыт жоғалтатынмын. Негізінде ұқсас, басқа түрлерін алуға болады ғой. Бірақ мен бұл саланы білмегендіктен уақыттан, энергиядан, ақшадан ұтылдым. Сөйтіп жүргенде балалы болдық. Үйде ақша жоқ, ырың-жырың басталды", - деді кәсіпкер.
"Екі жылда 80 миллион теңге таптық"
Үміт баласын дүниеге әкелгеннен соң дүкенге "өзгеріс енгізу керек" деп ойлайды.
"Балам қырқынан шыққан соң ыдыс дүкеніне бардым. Сосын енеме хабарластым да, "апа, біз дүкенге өзгеріс енгізгіміз келеді, қалай ойлайсыз? Егер мен істесін десеңіз, солай жасаймын, ал өзім істеймін десеңіз, мен үйге барып бала қарайын" дедім. Енем "не істесең де, өзің біл" деп келісті. Сөйтіп, 10 қыркүйекте Алматыға тауарға баруға билет алдық. 1 қыркүйекте ыдыс дүкенінің барлық тауарына жеңілдік жасап, өз бағасынан төмен бағада саттық. 8 күннің ішінде барлығы өтіп кетті. Барлық тауардан тек 3 миллион теңге ғана табыс таптық. Сол ақшамен біз Алматыға тауарға келіп, косметология заттарын алдық", - деді кәсіпкер.
Оның айтуынша, орыс тілін дұрыс білмейтін қасиеті әлеуметтік желідегі парақшаларына танымалдылық әкелген.
"Орысша жазу-сөйлеуден көп қате жіберетінмін. Ауылда алғаш рет кәсібіміздің әлеуметтік желідегі парақшаларын ашып, түрлі видео түсіре бастадық. ШҚО-да қазақ тілден гөрі орыс тілін қатты білетін. Қате айтқан сөздерім желідегі статистикамды көтеріп тұрды. Себебі олар сынап-мінейтін. Солардың ішінде "Бір оралман не істейді, Қытайдың жалған затын әкеп сатып жатыр" деген сөз ауыр тиді.
Косметолог болғанымның пайдасы көп тиді. Әрі бұл саланы жақсы білгендіктен бұл кәсібіміз дөңгеленіп кетті. Екі жылда 17 миллион теңге қарызымыздан құтылып, Lexus көлігін міндік. Екі балалы болсақ та, кәсібімізді үзбей жүргізіп, 80 миллион теңге табыс таптық. Тіпті, Жаңа жыл және 8 наурызда 15 миллионнан кіріс кірді. Бірақ "Алматыға көшеміз" деп шешім қабылдап, кәсібімізді автоматизацияландырып, қызметкерлерге табыстап кеттік", - деді Үміт.
"Нарықты зерттеуге 3 ай уақыт кетті"
Үміт пен жолдасы Ермұрат өткен жылы көктемде 33 миллионмен Алматыға келеді.
"Қолымыздағы ақшаға біз үй алдық. Бұл - қателігіміз әрі дұрыс шешіміз деп айтар едім. Себебі бірден бұл ақшаны тауарға салсақ, үлкен айналым жасар едік. Бірақ тәжірибе жоқтығынан минусқа да кетіп қалуымыз мүмкін еді.
Сөйтіп, Алматыға келген күннен бастап жолдасым екеуміз базарға келдік. Мен нарықты зерттеп, Қытаймен салыстыра бастадым. Күніне үш сағат Қазақстанды, үш сағат Қытайды зерттедім. Осылай аналитиканың өзіне 3 ай уақыт кетті. Ал күйеуім көтерме сауда базарлардың біріне сатушы әрі жүк тиеуші болып жұмысқа кірді", - деді ол.
Кәсіпкерлер автобуспен қатынап, Алматы өміріне біраз уақыт дайындалған.
"Көлігіміз, үйіміз, ауылда тоқтамай жүріп тұрған кәсібіміз болса да біз оған тиіспедік. Автобуспен қатынап, Алматыда өмір сүруге өзімізді дайындадық. Бастапқыда базардағы кәсіпкерлерге Қытайдан тауар әперіп, сонымен айналыстым. Енді бастап жатқан кәсіпкерлерге 2000 теңгеден консультация өткіздім. Үш айдан соң біз Қытайға танымал бола бастадық. Себебі олар сенімге қатты мән береді. Солай нарықтағы біраз нәрсені біліп қалдық", - деді Үміт.
"Неге балалар киімін таңдадым?"
Оның айтуынша, кәсіпте ниша таңдау - бір адамның мәселесін шешіп беру арқылы еңбегіңнің ақысын алу.
@umit_993 Менің кәсібімді өсіруге көмектескен 7 кітап және менің түйген ойларым? Сіздің соңғы оқыған кітабыңыз қандай? #бизнес #товарка #китай #товарныйбизнес #рекомендации #рек #книги ♬ оригинальный звук - @Umit
"Зерттеп байқағаным, бүкіл отбасының жанды жері - баласы. Қазақстанда статистика бойынша орта есеппен жылына 500 мың бала дүниеге келеді. Бұл дегеніміз әр ай сайын жаңа 50 клиент қосылады деген сөз. Сол үшін де балалар киімін таңдадым. Балалар киімінің таңдауымның басты себебі - киімнің келу жолы арзан. Ал ыдыс, ойыншықтар бұдан қымбатқа келеді. Сосын киімді "кімге сатамын?" деген сұрақ болды. Өзімнің балама нені қалар едім, басқаның баласына да соны беру керек деп ойладым. Сөйтіп, Корея стиліндегі өте жақсы сападағы балалар киімін әкелемін деп шештім. Қытайдан зауыттарға шығып, солардың бәрін іздедім. Арзанға түскен жоқ. Алғашында 3 миллионға тауар алдық. Жалпы кез келген кәсіпті бастарда менің ұстанымым - аз ақшамен бастау", - деді кәсіпкер.
Үміттің айтуынша, алғашында сатылым болмаған.
"Бірден тапсырыс көбейді деп айта алмаймын. ТикТокты қосып, тапсырыс беріп жатырғандай өтірік бес құжат толтыратынмын. Ал тауарды "жөнелтіп жатырмыз" деп бес рет жинап, бес рет шашатынмын. Сөйтіп, сатылым басталды. Бұл да жарнаманың бір түрі. Одан кейін таргетке бердім, бірақ одан келген адамдар сапалы болмады. Қазір бізге Атырау, Ақтау, Орал, Астана қалалары көп тапсырыс береді. Бір күнде 2,5 миллион теңгеге дейін тапсырыс қабылдаған кездеріміз болды", - деді ол.
"Қытайда Pinduoduo сайтын ешкім қолданбайды"
Үміт кәсіпкер сауатты болу керек деп есептейді. Өзі де үнемі ізденіп, қажетті білім алу үшін бірнеше кітапты қатар оқитын кездері де болады екен.
@umit_993 Барлық сұрақтар болса инстаграмға немесе 8707-020-1858 номеріне жазыңыз? #бизнес #китай #менторство #бизнесснуля #бизнескитай #товарка #рек #рекомендации #товарныйбизнес ♬ оригинальный звук - @Umit
"Кез келген кәсіп иесі білімді болуы тиіс. Сол саланы зерттеп, қай жағынан да білімін жетілдіруі керек. Сөмкемде ылғи кітаптар жүреді. Оларды оқуға уақыт табамын. Әрбір алған білім жаңа әрекетке себепші болады. Сондай-ақ, қаржылай сауаттылық бойынша Жеңіс Есенгелдиннен білім алдым. Көбіне пайыз білімді қытайлық эксперттерден үйренемін.
Жалпы бұл саладағы мақсатым - Қазақстан нарығына сапалы балалар киімін әкелу. Ал болашақта сондай киімдерді елімізден өндірілгенін қалаймын", - деді ол.
Оның айтуынша, Қытайда Pinduoduo сайтын ешкім қолданбайды.
"Pinduoduo қазақтың "жанды жерін" дөп басты. Біз біреу бірдеңе тауып байыса, соған еріп кетеміз ғой. Мойындау керек, Pinduoduo-ның бастапқы курсын үйреткендер жақсы ақша тапты. Ал одан тауар алып, байып жатқандар шамалы. Негізі Қытайдың өз ішінде бұл - сапасыз, сәннен қалған тауарларды сататын сайттардың бірі. Оны қытайлықтардың өзі қолданбайды. Ал Pinduoduo-ны танымал еткен осы ТМД елдері деп айтар едім. Негізі бұл сайтты "Қытайдың қалдығы" деп айтады", - деді Үміт.
"Бір жыл ішінде 70 млн теңге айналым жасадық"
Кәсіпкер кез келген оқиғада шешім қабылдау қиындық тудыратынын атап өтті.
@umit_993 #CapCut ♬ Менің әлемім - Жолдасбек Абдиханов
"Кәсіп иесі 90 пайыз сақтандырумен жүрмейді. Оны ешкім қорғамайды. Кәсіпкер минусқа кетсе, артында оның көзі жәудіреп командасы отырады. Сол үшін дұрыс шешім қабылдау қиын. Мысалы, шекарадан бір көлік тауар өтпей тұрса, минусқа кетесің. Ал өткізу үшін қыруар қаржы жұмсауың керек. Сондай қысылтаяң сәтте бедел мен ақшаның біреуін құрбан ету керек болады", - деді Үміт.
Үміт барлық жағдайда өмірлік жарымен ақылдасатынын айтты.
"Өмірлік жарым - кәсіптегі ең жақсы серіктесім. Үнемі сол кісімен ақылдасып отырамыз. Бірақ біз ата-енеме, әке-шешемізге кәсібіміздің қиындықтарын айтпаймыз.
Бір жыл ішінде 3 миллионмен басталған балалар киімі кәсібіміз 70 миллион айналымға шықты. Тәулік ішінде ең көбі 2,5 млн теңге, ең азы 30 мың теңгеге дейін тапсырыс алдық. 14 млн теңгеге жер алып, 30 млн теңгеге үш қабатты коттедж тұрғызып жатырмыз. 20 млн теңгеге сауда орнын сатып алдық әрі кеңсемізді де алдық", - деді ол.
"Бірнеше қалада шәкіртім бар"
Үміттің жолдасы Ермұрат қазір логистика компаниясын ашып, сонымен айналысады.
"Логистика компаниясын осы кәсіптің табысымен бастадық. Қазір Қазақстан бойынша 8000-нан астам клиенті бар. Сондай-ақ, қала мен ауылдарды қосқанда 15 филиалымыз жұмыс істейді", - деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі таңда бірнеше қалада шәкірті бар.
"Кәсіп ашу бойынша шәкірт дайындаймын. Оның ішінде Шымкент, Атырау, Орал, Өскемен қалаларынан сабақ алған шәкірттерім бар. Бірге ниша таңдап, кәсіп бастауына көмектесіп келемін. Қазіргі таңда шүкір, нәтижелері керемет деп айтар едім", - деді кәсіпкер.
Еске салайық, бұған дейін Нью-Йоркте бірнеше кәсіп иесі қазақстандық Әнел табысты болуының құпиясын бөліскені туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Баланың жынысын алдын ала жоспарлауға бола ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!