Дәстүр бойынша, желтоқсан айында Pantone түстер институты алдағы жылдың негізгі түсін жариялады.
Сарапшылардың пікірінше, 2022 жылда сәнде болатын түс көктің негізгі реңіне күлгін-қызыл ноталар қосу арқылы алынады. Ол Very Peri деп аталды. Институт бұл таңдауға қатысты "батыл һәм еркін шығармашылық пен қиял әлемінде қалықтауға итермелейтін өміршеңдік пен көңілді динамиканы көрсететін түс" деген анықтама берді.
"Жылдың Pantone түсі" түстер институты бағдарламасының тарихында алғаш рет болып жатқан жаһандық өзгерістер мен инновацияларды көрсетіп отыр. Қоғамға түс адамдар арасындағы қарым-қатынас тәсілдерінің біріне айналып, эмоцияларға әсер ете алатын, адамдарды бір-бірімен байланыстыра алатынын күш екенін түсіндіруді жалғастыра отырып, қызыл және күлгін түстермен астасып жатқан көк түстің жаңа реңктерінің әмбебаптығы оның үлкен мүмкіндіктерін көрсететінін айтпақпыз", - деді Pantone Түс институтының вице-президенті Лорри Прессман.