KeshYou тобының қыздары Баян Мақсатқызына ерекше сыйлық жасады

KeshYou тобының қыздары продюсер Баян Мақсатқызына ерекше сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. 

"Бұл KeshYou тобы және олар бүгін маған ерекше сыйлық алып келіпті. Бір емес, екі бірдей сыйлық қорабын көріп тұрмын. Қазір ішінде не барын көретін боламыз", - деді Баян Мақсатқызы. 

Алғашқы қорапта "Кіші жүз. Таз. Алиса. Алма" деген жазуы бар естелік бар екен. Ал екінші қораптан Баян Мақсатқызы мен күйеуі Тұрсен Алагөзовтің және Баян Мақсатқызының төрт қызымен бірге түскен суреттерінен жасалған тақтайша бар екен. 

Продюсер KeshYou тобының қыздары сыйлаған заттарға ерекше алғысын білдірді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!