• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Homay әнін орындаушылар қазақстандықтарға алғыс айтты

Homay әнін орындаушылар қазақстандықтарға алғыс айтты
Фото: instagram.com/rinat_ayyola_argymak

Башқұрттың Ay Yola тобының музыканттары қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде башқұрттың Ay Yola тобы орындаған Homay әнінің үзіндісі танымал болды. Ән бірден хитке айналып, қазақстандықтар арасында да қолдау тапты.

Бұған риза болған Ay Yola музыканттары Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындады. Видео музыканттардың бірінің желідегі парақшасында пайда болды.

"Қазақ халқына алғысымыз шексіз. Бұл - нағыз бауырлық қолдау!" - деп жазды видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MUSICIAN/AY YOLA/ARGYMAK (@rinat_ayyola_argymak)

Айта кетейік, Ноmау әнінің атауын мифтік құс құмаймен байланыстырады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget