Астанада 11-сынып оқушысы Аяла Маханбетәлі әлемнің жетекші он университетінен ресми шақырту алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шақырту жолдаған университеттер қатарында Ivy League құрамына кіретін Harvard University, Brown University, University of Cambridge, Stanford University, Massachusetts Institute of Technology (MIT) және әлемдік беделді рейтингтерде көш бастап тұрған өзге де алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары бар.
"Оқушыға ұсынылған қаржылық қолдаудың жалпы көлемі - 2 миллион АҚШ доллары. Бұл қаражат оқу шығынын толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік береді", - деп жазылған Астана әкімдігі хабарламасында.
Аяланың академиялық жолы 8-сыныптан бастау алады. Осы уақыт аралығында ол халықаралық білім беру бағдарламаларына, академиялық және ғылыми-зерттеу жобаларына тұрақты түрде қатысып келеді.
Қазір ол Канадада орналасқан компанияда жұмыс істеп, мектептегі оқуын кәсіби қызметпен қатар алып жүр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!