ChatGPT бір отбасының Македониядағы демалысын ойран етті

ChatGPT бір отбасының Македониядағы демалысын ойран етті
Фото: depositphotos.com

Жасанды интеллектінің қате жауабының кесірінен бүтін бір отбасы Македонияға бара алмай қалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде отағасы видео жариялап, баяндап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адам видеоны Ыстамбұл әуежайында түсірген. Оның айтуынша, олар отбасымен Солтүстік Македонияға баруды жоспарлап, билет сатып алып, қонақүйлерді брондап қойған. Тіркеу сөресінде саяхатшылардан виза сұралған, алайда оларда виза болмаған. Себебі ChatGPT оларға виза қажет емес деп жауап берген.

"Кеше Солтүстік Македонияға билет алдық. ChatGPT бізге Ресей азаматтары үшін виза қажет емес деді. Біз де бұған нық сеніп, билет сатып алдық. Сұмдық кезекте тұрдық. Сөреге келіп, төлқұжаттарымызды бердік. Ал бізге: "Визаңыз қайда?" дейді. Біз: "Жоқ, виза керек емес" деп жауап бердік", - дейді ер адам.

Саяхатшылар тіркеу сөресінде ChatGPT-ден алған скриншотты көрсетуге тырысқан. Оған жауап ретінде қызметкерлер Ресей азаматтары үшін бес күн ішінде рәсімделетін міндетті виза туралы мемлекеттік қаулыны көрсеткен.

Нәтижесінде туристер ақылға қонымсыз жағдайға тап болды.

"Қазір бүкіл сапардан бас тартсақ па әлде виза қажет емес басқа ел іздесек пе деп ойланып отырмыз", - деді отағасы.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Макс АвтоДвиж (@max.autodvizh) жариялаған жазба

Instagram-дағы бұл жазба жарты миллионнан аса қаралым жинады. Пікірлерде кейбіреулер ер адамға тағы да ChatGPT-ден кеңес сұрауды ұсынған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget