ChatGPT - әлемдегі ең көп жүктелген қосымша атанды

ChatGPT - әлемдегі ең көп жүктелген қосымша атанды
Фото: depositphotos.com

2025 жылдың наурыз айында ChatGPT әлем бойынша ең көп жүктелген қосымша болды. Ол алғаш рет TikTok пен Instagram-ды басып озды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Appfigures дерегінше, OpenAI шығарған қосымша бір айда 46 миллион рет жүктелген. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 28 пайызға артық.

Instagram жаһандық рейтингте екінші орынға түсіп қалды, ал TikTok — үшінші орында. Ең көп жүктелген қосымшалар ондығына WhatsApp, Telegram және Threads те енді. Жалпы алғанда, наурызда пайдаланушылар 339 миллион қосымша жүктеген. Бұл ақпанмен салыстырғанда 40 миллионға көп.

ChatGPT-тің – танымалдығының артуы оның сурет генерациялау функцияларының жаңартылуымен байланысты. Пайдаланушылар Studio Ghibli стиліндегі вирус картиналарды жаппай жасауға кіріскен. Сонымен қатар, OpenAI дауыс режимін жетілдіріп, визуал контентке қойылған модерацияны жеңілдеткен.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget