Желіде Backstreet Boys тобының мүшелерінің Астанада домбырадан сабақ алған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер Малик Хасенов Instagram желісінде жариялаған видеода топ мүшелері "Бәйтерек" монументінде Хасеновтің орындауындағы күйді қызығушылықпен тыңдағанын көруге болады. Сол сәтте үш музыкант домбыраны өз қолына алады. Видеода Ник Картер шапан киіп тұр.
Хасенов жариялаған фотода Backstreet Boys "Дос Мұқасан" тобының "Той жыры" әніне қосылып тұрған сәт бейнеленген.
"Boys Мұқасан" тобы Sphere Las Vegas-тағы мерекелерге, тұсау кесер, қыз ұзату сияқты іс-шараларға шақыртулар қабылдайды. Қазақша, ағылшынша айтамыз, би билейміз. Бейне түсірілім, тамада қызметтері де бар", - деп қалжыңдап жазған продюсер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!