- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Үй ме, мал...
"Үй ме, мал қора ма?" Танымал блогер Ырысбала Икрамбай сыйлаған үй адам танымастай күйге түскен
Танымал блогер, қайырымдылықпен айналысып халықтың ықыласына бөленген Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде ашынған жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, біраз уақыт бұрын жеті баламен жалғыз қалған әйелге халықпен бірлесіп үй алып берген.
"Ешкім тұрмаған жап-жаңа үй болды. Барлық дүниесін тап-таза әппақ етіп, су жаңасын алдық", - дейді ол.
Алайда блогер бүгінде сол үй адам танымастай күйге жеткенін, тіпті әйел балаларын интернатқа өткізіп жібергенін айтты.
"Мынау үй ме, мал қора ма? Біз табыстағанда қандай болды? Үй газбен жылитын болған. 3 әлде 4 баланы интернатқа өткізген, басқасы қараусыз, аш, жалаңаш. Мына балалардың іздеушісі, сұраушысы бар ма? Әкесі өлсе де әкесінің ұрпағы деп қарайтын жанашыр адам бар ма алып кетіп араша түсетін? Аштан-аш өлтіреді бір күні. Халықтың садақасына алынған үйдің обалы кімге? Маған араласпа, сен кімсің, халық алды үйді дедіңіздер. ...Үйді қиратып, тастанды, қоқыс қылса да үндемеуім керек пе? Обал емес пе елдің садақасынан? Дайын үйді тазалап ұстау қолынан келмесе, өзі туған балаға жаны ашымаса, ана деуге келе ме?" - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін Ырысбала Икрамбай халықпен бірігіп, мұқтаж отбасына пәтер сыйлағаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова