"Көлігін де сатып жіберді". Ақерке Бүркітбай Әли Оқаповтың жаңалығын айтты

"Көлігін де сатып жіберді". Ақерке Бүркітбай Әли Оқаповтың жаңалығын айтты
Фото: іnstagram.com/akerkeburkitbay

Танымал әнші Ақерке Бүркітбай күйеуі Әли Оқаповтың жаңалығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Әли Оқапов көктемде жаңа бейнебаянын жарыққа шығаратынын бөлісті. 

"Мына кісі маған көйлек алып беремін деп апара жатыр. Себебі бүгін кешке бір ерекше жерге барамыз. Ал әйел адамдарда әрдайым киетін киім жоқ. Жақында Әлидің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады. Сондықтан барлығыңыз қаралымды жарып жібересіздер деген ойдамын. Күтіңіздер. Сол үшін Әли көлігін де сатып жіберді. Қазір менің көлігіммен жүрміз. Екеуіміз бір көлікпен жүрміз. Сол үшін лайк басып, қаралымдарды "жарып" жіберіңіздер", - деді әнші.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек