Алматылықтарды "15 қаңтарда жойқын жер сілкінісі болады" деген ақпарат шошытты

Алматылықтарды "15 қаңтарда жойқын жер сілкінісі болады" деген ақпарат шошытты
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2024 жылғы 15 қаңтарда Алматыда "жойқын жер сілкінісі болатыны" туралы ақпарат тарап жатыр. Кейбір алматылықтар бұл хабарламадан кейін қаладан уақытша кетіп жатқан көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрлігі, төтенше жағдайлар департаменті және Сейсмология институты түсінік берді.

Алдыңғы аптада әлеуметтік желілерде алматылықтарды "15 қаңтарда болатын жойқын жер сілкінісіне байланысты ертерек эвакуациялау" шақырған видеолар тарады. Кейінірек қазақстандықтар да осыған ұқсас аудио хабарламаларды мессенджерлер арқылы тарата бастады.

ІІМ

Ішкі істер министрлігі жер сілкінісі туралы хаттың авторы заң бұзған болуы мүмкін екенін айтып, қысқа қайырды. Ведомство бұл жайтты "анықтауға" уәде берді.

Алматының төтенше жағдайлар департаменті

Алматы төтенше жағдайлар департаменті бұған дейін дүрбелеңге негіз жоқ деп мәлімдеме жасаған Дәулет Сәрсенбаевтың мәлімдемесін еске салды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты

Сейсмология институты болжам жасайтын комиссия тәулік бойы жұмыс істейтінін, 70 сейсмикалық станса мен 25 бақылау пунктінен 24/7 сейсмологиялық мәліметтер түсетінін хабарлады.

Институт сонымен бірге алдағы жеті тәулікте Алматыда 70 пайыз ықтималдықпен жойқын жер сілкінісі болмайтынын мәлімдеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан