Заттыбек Көпбосынұлы ерекше төсбелгімен марапатталды

Заттыбек Көпбосынұлы ерекше төсбелгімен марапатталды
Фото: instagram.com/zattybek

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы ерекше төсбелгімен марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы оған "Сұлтан Бейбарыс" төсбелгісін табыстап, салтанатты түрде марапаттады. Қуанышты жаңалықты өнер иесі Instagram парақшасында жария етті. Әншінің сөзінше, ол шығармашылық кеште өнер көрсетуге барып, марапатқа ие болып қайтқан. 

"Атырау қаласында Қазақстанның Еңбек ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Атырау облысының "Құрметті азаматы", "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ағаның шығармашылық кеші өтті. "Екі дос" тақырыбында осы ән Мұрат Сақтайұлына арналған еді. Сол кеште Атырау елі және Мұрат Сақтайұлы "Сұлтан Бейбарыс" атындағы төсбелгімен марапаттап, өз құрметін көрсетті", - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Заттыбек Көпбосынұлы (@zattybek)

Желі қолданушылары әншіні бұл марапатымен құттықтап, жылы лебіздерін жазды. 

"Құтты болсын", "Еңбегің бар", "Ұзағанын сүйіндірсін", "Зәке, марапат Ел құрметтеген Сіздей азаматқа жарасады. Құтты болсын!", "Абыройыңыз асқақтай берсін", - деп жазды олар.

Еске салайық, бұған дейін әнші Заттыбек Көпбосынұлы тікелей эфирде өзінің қолсағатын сыйға тартқан болатын. Ол сағаттың нарықтағы құны қанша? Сілтемеге өтіп оқи аласыз. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы